13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинары өтті

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Ордабасы ауданында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинары өтті
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында пән мұғалімдерінің білімін жетілдіріп отыру жақсы үрдіске айналған. Осы дәстүрді жалғастырып келе жатқан аудандық білім бөлімі тарапынан жуырда орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинары өтті.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Райхан Есімханованың айтуынша, ауданда білім басқаруымен бірлесе отырып орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің арасында екі жылда бес жоба жүзеге асырылыпты. Атап айтсақ, «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Авторлық бағдарлама», «Оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары», «ҚМЖ құрастыру» және «Оқу мақсаттарын жүзеге асыру» атты жобалар.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар ғана құрады. Мемлекет басшысы Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуға тиіс деді. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы бағытта бізге орасан зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталатынын» ескере отырып, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық қағидаттарын сіңіреміз десек, ең алдымен оған өзіміз өнеге көрсетер тұлға болуымыз керек» дейді Президент. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілігі мен білімін шыңдауда, шеберлігін арттыруда ұйымдастырылып отырған семинарлар мен тәжірибелік сабақтар өз нәтижесін беруде, — дейді Райхан Есімханова.
Еске салайық, осыған дейін Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мәдениет үйінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша семинар-кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы М.Медетбекова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры А.Танирбергенова, Түркістан облыстық білім саласы ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Байғұтов, Түркістан облыстық білім басқармасының бас маманы К.Оспанова, Түркістан облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» директорының орынбасары Н.Нұрлыбаев қатысты.

Оның айтуынша, өткен аптада Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында өткен облыстық семинарда ауданның алдыңғы қатарлы мұғалімдері шебер-сыныптар өтіп, облыс педагогтерімен сабақта оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар мектепте ұйымдастырылған әдістемелік көрмеде жобалық қызметтің нәтижелерінің куәгері болды.

Previous Post

Ордабасылық өнертапқыштар жарады

Next Post

Ордабасы ауданындағы Б.Оңтаев атындағы мектептің үздік оқушыларына тоқсан сайын степендия берілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі