Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №70 санды бұйрығына сәйкес, 27 қыркүйек күні Түркістан қаласы, «Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінде Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңінде ордабасылықтар толағай жетістіктерге жетті.
Атап айтсақ, «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағыты бойынша «Бөген» жом оқушылары Жаннұр Жақыпқызы, Бірғаным Байдалы «Күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы» атты командалық жұмыспен — І орын; «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» бағыты бойынша Б.Төлепбаев жом. оқушысы Інжу Садыр «Ауылшаруашылығы-экономика бастауы» — ІІ орын; «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар» бағыты бойынша «Зерде» жом. оқушысы Жаңыл Босимбекова «Ғарыштық аппараттар және ракета» жұмысымен — ІІ орын; «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағыты бойынша Қ.Сәтбаев жом. оқушысы Мерей Дүйсенхан «Сезімталдығы жоғары үй» жұмысымен — ІІ орын; Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» бағыты бойынша «Төрткүл» жом оқушысы Айтуар Сүндетәліұлы «Ақылды сөмке» жұмысымен ІІІ — орынға ие болды.
Түркістандық зияткерлер республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде өз жобаларын ұсынуда. Назарбаев зияткерлік мектебі жүйесіндегі Республикалық ғылыми жобалар байқауының 2 кезеңіне жолдама алған түркістандық зияткерлер NIS Ph&M Astana мен NIS Ch&B Almaty базасында өз жобаларын ұсынуда. Еліміздің барлық өңірінен жас зерттеушілердің басын қосатын ғылыми жобалар байқауында түркістандық зияткерлер 6 тың жоба қорғайтын болады. Атап айтсақ:
«Қазақ» газетінің ғылыми концепциясы жайлы өз жобасында Саламат Матанова баспасөз беттерінде ғылымның бірнеше бағыты бойынша зерттеулер жарияланғаны туралы деректер келтіріліп, ғылыми тұжырым жасайды.
Тоталитарлық заманда есімі қасақана ұмыт болған, Сталиннің жазықсыз қуғынына ұшыраған, тaрихтың сарғaйған құжaттарында аты да, қызметі де сақталып зерттелмей қалған мемлекет және қоғам қайраткері Садыкбек Сапарбеков туралы Жәнібек Сәдуақас пен Мейіржан Алимбай жоба қорғайды. Жас зерттеушілер өз жобасында тарихи тұлғаның қоғамдық-саяси қызметін архивтік құжаттар негізінде талдап, жасалған игі істеріне баға береді.