13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас ауданында ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетілді

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түлкібас ауданында ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетілді
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ғылыми зерттеу жұмыстарының жүргізілу барысы» атты тақырыбта коучинг өткізілді.

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуованың айтуынша, коучингтің мақсаты – білім алушыларды әртүрлі көздерден алынған мәліметтерді салыстыруға, оларды талдауға және осы талдау негізінде жаңа тұжырымдар жасауға үйрету. «Аталған коучингке бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. Осылайша, оқу зерттеуі ғылыми ізденістерді жүргізуге үйретуге, білім алушылардың ойлау түрін дамытуға арналған, бірақ ең бастысы ғылыми фактілерді меңгеру емес, зерттеу алгоритмін оқыту, болашақта басқа зерттеуде қолдануға болатын дағдыларды дамыту болатын. Бұл іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі аталған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Жұмабекова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және педагог-шебер Гүлжан Молдабаева», — дейді ол.

Коучинг барысында Гүлжан Молдабаева ғылыми зерттеу жұмысының жүргізілу барысы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Жұмыс соңында педагогтар өз сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды және тақырыпты дұрыс таңдап, ғылыми жұмыс жазуға бағыт-бағдар беріп өтті.

Сондай-ақ бұл жиын Дауан жалпы білім беретін мектебі және Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектептеріне жалғасын тапты. Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуова, бөлімнің бас маманы Б.Қилыбаев және әдістемелік кабинетінің әдіскері Р.Кункибаева аталған білім ошақтарында болып, мектеп оқушыларын PISA халықаралық зерттеуіне дайындау және 4 және 9-сынып оқушыларын білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.

Жұмыс барысында 2023-2024 оқу жылында 21 білім беру ұйымы ББЖМ-ге түскенін және 6 білім беру ұйымдары желтоқсан айында PISA халықаралық зерттеуін тапсыратыны туралы, оған дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүру керектігін, мектепішілік жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат уақтылы өткізілуі тиіс екендігі туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, пән мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алынған тесттердің нәтижелерін дер кезінде талдап, кемшіліктермен жұмыс жасау, АКТ бойынша анықталған проблемалармен жұмысты сапалы жасау керектігі туралы жан-жақты айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Previous Post

Шардара ауданы: Мамандық таңдау - маңызды қадам

Next Post

Ордабасылық өнертапқыштар жарады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі