13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардара ауданы: Мамандық таңдау — маңызды қадам

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шардара ауданы: Мамандық таңдау — маңызды қадам
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

Сәт сайын мың құбылған еңбек нарығының сұранысына сай келуде жас маманның қарым-қабілетін жан-жақты сыналады. Рас, бүгінде жаңа машықты игеріп, мамандық ауыстыру қиын емес. Сонда да бол¬са ертеңгі жас маман үшін жүрек қалаған мамандықтың қыр-сырымен, оның ертеңі туралы деректі мектеп партасында отырып-ақ білгені керек.

Осы орайда Шардара ауданындағы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру» жоспарына сай 9-11 сынып оқушылар арасында «Мамандық таңдай білеміз бе?» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, мамандық құндылығы жайлы түсінік беру, мамандықты өте нық сеніммен таңдауды үйрету.

Жа¬сыратыны жоқ, көп жағдайда жастардың қолында мамандықтарға ақпараттар бола беремейді. Әсіресе, түлектердің таңдаған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуы, табыс көлемі сияқ¬ты мәселелер назардан тыс қалып жа¬тады. Үлкен өмірдегі ең алғашқы таң¬дауын жасалғалы тұрған түлектің ата-анасы да оған жекелеген мамандықтың бүгіні мен ертеңі жайында мардымды ақпарат бере алмайды. Мұнда оқу орын¬дарының қабылдау комиссиясы да жөн сілтейді деуге келмейді. Әр түлек үшін та¬ласқа түсетіндердің түпкі пиғылы бел¬гілі. Сондықтан мектеп оқушылары ма¬мандық таңдауға келгенде дағдарып қалады. Осыдан барып, немкеттілікпен кез келген мамандыққа түсе салғандар күні ертең дипломы бар жұмыссыздардың қатарын толықтырады.

Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай — ақ өз мамандығының 10 — 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба — байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар мамандық таңдаудың маңыздылығын, мамандық түрлерімен кеңірек танысып, біразы өз таңдауларын жасап та үлгерді.

Previous Post

Шардара ауданы: Шәкірттер мамандармен сұхбаттасты

Next Post

Түлкібас ауданында ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі