Шардара аудандық, білім бөліміне қарасты «Қазақстан жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің кәсіби бағдар беру педагогы А. Бегалиеваның жоспарына сәйкес 9 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылған Алатау батыр ауылдық округ әкімі Ақжаров Мейірбек Халиуллаұлымен сұхбат жүргіздік. Бұл кездесудің мақсаты, мамандық таңдау кезінде окушыларға бағыт-бағдар беру. Адам өмірінде мамандық таңдау алатын орны, маңызы туралы түсінік беру.
Ауылдың әкімі Ақжаров Мейірбек окушыларға өзінің мамандығы жайлы және әкімшілік қызметкерлерімен және қандай қызмет атқарып отырғандарымен таныстырып өтті. Ауылға қандай маман тапшы болашақта қандай кәсіп иелері керек екенін түсіндірді. Оқушылар іс баскарушы Жанұзақ Лесов, есепші Асылбек Бигелов, кәсіпкерлік және мал шаруашылық бас маманы Алмасбай Жанузаков, коммуналдық кызметкері Мейірхан Алишерұлы , міне осы мамандарымен ой бөлісіп пікір алмасты. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт.
Ол үшін өзінің мамандығына деген, ісіне деген сүйіспеншілігі болуы керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жаткан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы ұнайтын ұнамайтыны, қалай түскендері, жұмыстарының қызықты жақтарын айтып өтті. Окушылармен өте қызықты сұхбат өткізілді.
Еске салсақ, осыған дейін ілім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен қаламыздағы Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде математика пәні бойынша «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін интерактивті сервистерді тиімді пайдалану» тақырыбы аясында қалалық тәжірибелік семинары өткізілді. Қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің математика пән мұғалімдері қатысқан тәжірибелік семинар мектеп мұғалімдері дайындаған көрмені тамашалаумен басталып, тәжірибелі педагогтардың ашық сабақтарына қатысумен жалғасын тапты.
Семинардың алғашқы сабағын мектептің математика пәні мұғалімі, тәжірибелі, білікті маман Ақтолқын Сейсенова «Жәй бөлшектердің негізгі қасиеті» тақырыбында көрсетсе, Жанар Пазылбекова «Конбинаторриканың негізгі ұғымдары мен ережелері» атты сабағын, Марат Асылбеков пен Замира Абдуллаева «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту интеллектуалды ойындар арқылы жаңа технологияны пайдалану» тақырыбында шебер сағатын, Шоира Давлетова мен Айсұлу Сулейменова «Альфа ұрпақтың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған цифрлық құралдар» тақырыбында коучинг сабағын ұсынды. Бұл тәжірибе алмасу семинарына қаламыздың өзге де математика пәні мұғалімдері қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Бапсұлтан Рысбай «Кеңістіктегі фигуралар. Тетраэдр, куб, параллелепипед» тақырыбында, Ө.Жәнібеков атындағы №27 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Динара Абдуллаева «y(x функциясы, оның графигі және қасиеттері» тақырыбында сабақтарын жүргізді.
Семинар қорытындысы бойынша басқосу өткізіліп, қатысушы педагогтар өздерінің ұсыныс-пікірлерін, пәнді оқытуды дамыту бойынша өзекті ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, сабақтар барысында тың ақпараттар айтылып, әртүрлі әдіс-тәсілдер жүргізіліп, жақсы көңіл-күй сыйлағанын тілге тиек етті.