Біз әлемнің барлық жетекші елдерінің қол жеткізген жетістіктерінің іргетасы – білім есебінен салынған экономика екенін көріп отырмыз. Білім – ілгерілеу және барлық инновацияның қозғаушы күші. Адами капитал мен елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы білім саласының рөлі өте маңызды.Біз білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу жолында алдымызға мақсат, міндеттерді қойып, оларды бірлескен жаңашыл форматтағы жұмыс жобасы негізінде жүзеге асыруды қолға алып келеміз. Белгіленген межеге қол жеткізу жолындағы әрбір қадам маңызды және құнды болатындығы сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, БҒМ кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Өйткені, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бірден бір жолы – кітап оқу. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді. Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады.
Жақында Шардара ауданы «Қызылқұм жалпы білім беретін мектебінде» «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек Соқпақпаев кітаптарын оқудан, 4 «Б»сынып оқушылары арасында, әңгімелеп беру сынып сабағы өтті. Шағын әңгіменің шебері Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейіт», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Асыл шөп», «Бір уыс мақта» сияқты әңгімелерін. Өткірбек Жансая өзінің шеберлігімен әңгімелеп берді. Балалар әдебиетінің атасы Б.Соқпақбаевтың 20 дан астам әңгіме, повесть,роман,кітаптары бар. «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Қайдасың Гаухар». Соның ішінде «Менің атым Қожа» хикаятын 4″Б»сынып оқушылары әңгімелеп берді.
Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ. Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асып, яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енді. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.