Бүгінгі заманның негізгі талаптарының бірі — бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оны тұлғалық тұғырға көтеру. Міне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттың бірі осы болмақ. Олар әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру; қызықты ойын түрінде балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту (шаршауды болдырмау үшін); баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъектісі) деп тану; ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру; мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру. Бұл тәсілді мақтааралдық педагогтар да ұстанып келеді.
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №8 «Үлгілі» бөбекжай-балабақшасында шығармашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңа тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік семинар болып өтті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, заттық — кеңістіктік дамытушы ортаның тиімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету арқылы қолжетімді пәндік-кеңістік даму ортасы ұйымдастырылып, көңілді би «Флешмоб» пен басталды. Балабақшада 3 топта заттық — дамытушы ортаның балаларға қолайлы, олардың үйлесімді дамуына әсері тақырыптарына байланысты орталықтар құрылған.
Тәрбиеші М.Төребекова робототехника «LEGO» құрастырғыштар тақырыбындағы іс-әрекеті балаларға ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға көмектессе, М.Мирашева «Білім патшалығына саяхат» тақырыбында балаларды дәстүрден тыс іс-әрекетермен қамти отырып, тәрбиеші К.Абенова «Өлкемізге күз келді» тақырыбында бес дағды төңірегінде балалардың шығармашылығын және ерекше ойлау қабілеттерін дамытты.
Семинар барысында бөлім әдіскер С.Ибрагимова педагогтермен жоспарланған бағдарламадағы іс-әрекеттер, концерттік бағдарламаларға қорытынды жасап, балабақшадағы тасымалдың ұйымдастырылуы, топтардағы жылудың қалыпты жағдайда болуы, білім беру обьектілерінің қызметкерлерінің медициналық қарап-тексерулердің уақтылы өтуін талқылап, әдістемелік көмек берді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту және жетілдіру — барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. Сондықтан бұл еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болды. Оқытудың парагидмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Міне осыған байланысты тәрбиешілер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеттелді. Сондай-ақ, төмендегі келесі бағыттарды қамтиды.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы. Яғни балаға үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, бақылау, саралау, баламен жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасай білу, оның ішінде инклюзивті орта құру; қызықты ойын түрінде балаларды тәрбиелеу.