Келес ауданына қарасты №10 «Игілік» жалпы орта мектебінде «Ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Аймақтық тәжірибелік семинар Түркістан облысы білім басқармасының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Семинарға Жетісай, Сарыағаш аудандарынан жалпы 40 педагог-психолог қатысты.
Жиында Білім беруді дамыту орталығының әдіскері Тлеубердиева Ғазиза Сабидулаевна білім саласының өзекті мәселелерін атап өтті. Сонымен қатар Келес ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттінің психологиялық жұмыстар жөніндегі әдіскері ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатындағы педагог-психологтардың атқарып жатқан жұмыс барысы туралы баяндады.
Секциялық отырыстарда ата-ананың баламен қарым-қатынас мәселелері де талқыланды.
Еске салсақ, былтыр Түркістан облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының психолог мамандары, полиция капитандары Жанерке Ибраимова мен Сұлушаш Көшімбетова Бәйдібек ауданы полиция қызметкерлерімен кездесіп, «Жақсы лебіз» атты тренинг өткізді. Аталмыш шара полицейлер арасындағы тәртіп пен заңдылықты, сонымен қатар жеке құрам мен басшыларының қарым-қатынасын жақсарту, моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мақсатында өтті. Кездесу кезінде психолог полицейлер, әріптестерінің қоғамдағы имиджін қалыптастыруға, жеке құрамның Отанға адал қызмет етуге бағытталған құндылықтар жүйесін құруға жұмыс жасады. Осы секілді шара Төлеби АПБ-нің қызметкерлері арасында да жалғасын тапты. Мұнда жеке құрамның жүйке-психикалық күйзеліске бейімдіктерін, суицидтік тәуекел көрсеткішін анықтау мақсатында, ТО ПД психолог-инспекторлары мен діни басқарма қызметкерлері бірлесіп жасырын сауалнама өткізді. Аталмыш тренингте бірнеше мәселелер қозғалды. Жалпы мұндай ерекше кездесулердің ішкі істер саласындағы қызметкерлерге берері мол. Яғни полицейлер психологтармен тілдесіп, жақсы жағынан ой түйіндеген еді.