Сауран ауданының Мәдениет үйінде білім беру ұйымдарының Жаһандық құзыреттілік пәнінен сабақ беретін 37 педагогпен Дін саласы бойынша ақпараттық-насихттық тобының мүшелері мен республикаға танымал ғұламалардың қатысуымен кездесу өтті.
Бұл кездесуде арнайы дінтанушы, ғалым Жандарбек Зікірия Заманханұлы, Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, аға оқытушы, ХҚТУ доценті Оразбай Сержан Қарсыбайұлы, Түркістан облысы Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жорабек Жандос Мұхтарұлы, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Қалеке Марат Ержанұлы, Сауран ауданы білім бөлімінің әдіскері Алдияров Октябрь Қалдыбайұлы қатысты.
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — діни ағымдардың кері әсері т.с.с. көптеген тағылымды, ғибраты мол мағлұматтар мен ақыл-кеңестер айтылды.
Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал, сол білімді жастарға беруге ең негізгі қызмет ететін тұлғалар – оқытушылар қауымы. Сондықтан да білім беруде жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – оқытушы қауымына ортақ іс. Жаңа заман оқытушыларға жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Оқытушы қауымына тың серпіліс, жаңа көзқарас әкеледі.Әлемге танымал мұсылман дінтанушысы әл-Ғазали діни білім туралы былай дейді: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы-екенін айтып кеткені бар. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.