«Ауылдық елді мекендердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған өңірлік семинар өтті.
Семинарды Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырды.
Тәжірибе алмасу мақсатындағы бұл шарада ұстаздар оқу процессіндегі жаңалықтармен бөліссе, кітапханашылар балалардың оқуға деген қызығушылын арттыру бағытында тренинг жүргізді. Сонымен қатар, мектеп психологтары балалармен жеке жұмыс жасау жөнінде сөз қозғап, практикалық жұмыстар жасады.
Айта кетсек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде білім беру сапасын жақсартуға негізделген «Ауыл мектебі» білім беру жобасын жүзеге асыруда.
Ал Сауран ауданының Мәдениет үйінде білім беру ұйымдарының Жаһандық құзыреттілік пәнінен сабақ беретін 37 педагогпен Дін саласы бойынша ақпараттық-насихттық тобының мүшелері мен республикаға танымал ғұламалардың қатысуымен кездесу өтті.
Бұл кездесуде арнайы дінтанушы, ғалым Жандарбек Зікірия Заманханұлы, Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, аға оқытушы, ХҚТУ доценті Оразбай Сержан Қарсыбайұлы, Түркістан облысы Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жорабек Жандос Мұхтарұлы, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Қалеке Марат Ержанұлы, Сауран ауданы білім бөлімінің әдіскері Алдияров Октябрь Қалдыбайұлы қатысты.
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — діни ағымдардың кері әсері т.с.с. көптеген тағылымды, ғибраты мол мағлұматтар мен ақыл-кеңестер айтылды. СОнымен қатар Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түркістан облысының аудан-қалаларындағы білім беру ұйымдарында семинар өтті.
Алдымен Түркістан мен Кентау қаласында және Сауран ауданында ұйымдастырылды. Содан соң Арыс қаласы мен Ордабасы, Отырар ауданында барлық білім беру ұйымдарымен «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» өткізілді.