13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МЕКТЕП АСПАЗШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕСТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МЕКТЕП АСПАЗШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы білім бөлімі және Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Н.Ш.Киясова, жетекші маманы М.А.Тағаева аудан аумағында орналасқан мемлекеттік білім беру мекемесінің мектеп директорлары, мектеп асханасының жеке кәсіпкерлері мен аспазшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті.
Жиында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы сөз болды. Аталған талаптар ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы NҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидада толық көрсетілгені, тамақты дайындау барысында қатаң бақылау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 17 ақпандағы NҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағида талаптарының сақталуы туралы баяндама жасалды.
Семинар соңында жеке кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында жүрегі жомарт азаматтар тарапынан жергілікті тұрғындарға әрқашан қолдау көрсетіліп тұрады. Солардың бірі – шардаралық кәсіпкер Данияр Омаров. Ол отбасы атынан аудандағы 20 мектептің асханасына қажетті жабдықтарды тарту етті. Атап айтқанда, кәсіпкер ауыл мектептерінің сұранысына қарай, тоңазтқыш, су жылытқыш, желдеткіш, қол жууға арналған қазандықтар және басқа бірқатар мектеп асханасына қажетті жабдықтарды үлестірілді. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1500 балаға мектепке қажетті заттарды алып берген. Бүгін білім ұяларына заттарды тапсыру үшін жиналған басқосуда Шардара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Нұсқабаева бүкіл мектеп ұжымының атынан демеушіге алғыс білдіріп, жұмысына табыс тіледі. Данияр Омаров алдағы уақытта да мүмкіндігінше көмек көрсетіп отыратынын жеткізді.

Previous Post

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ЖЫЛЫЖАЙДА 10-ҒА ЖУЫҚ ГҮЛ ТҮРЛЕРІН ЖЕРСІНДІРУДЕ

Next Post

САУРАН АУДАНЫ: «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» АЯСЫНДА 30-ҒА ТАРТА ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі