Сауран ауданының білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және облыстық білім басқарамысының хаттары негізінде мектеп оқушыларының күзгі демалыс күндері мен бос уақытын тиімді өткізу, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік күзгі каникул, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, 30 қазан — 3 қараша аралығында өткізілді.
Іс-шара жоспарына:
— ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу;
— «Ізгілікке қалам тартқан… жас ғұмыр» атты «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптарын талқылау;
— «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналыстарын өткізу, «педагог – бала – ата-ана» үштік одағы бірігіп отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелесу;
— Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылдығына орай «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі» тақырыбында оқушылар арасында эссе, жоба жұмыстарын жазуды ұйымдастыру;
— «Өнегелі өмір» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазу байқауын өткізу;
— «Денсаулықтың алты шарты: таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, ты-ныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында ата-аналар мен оқушылар бірлесе салауатты өмір салтын насихатату жөніндегі челленджін өткізу;
— «Әкеге – ізет, анаға – құрмет» тақырыбында жас ақындар байқауын ұйымдастыру.
Нәтижесінде білім беру ұйымдарында өткен 30-ға тарта іс-шараға 16 мыңға жуық оқушы қатысты.
Осыған дейін, Созақ ауданы, «Қарағұр» жалпы білім беретін мектепте білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, сапалы сабақ беруде тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдана отырып, іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында бастауыш сынып пән бірлестігінде «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарды мектеп директоры Т.Малбағаров ашып, мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тіледі.
Бастауыш сынып пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Г.Асанова мұғалімдерді мектепішілік семинардың іс-шара жоспарымен таныстырды. Тақырып аясында тренингтер, мұғалімдердің әдістемелік көрмесі, ашық сабақтар, тәжірибе алмасу сәттері, коучингтер өткізілді.
Бағдарламаның практикалық кезеңінде мұғалімдер тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ашық сабақтарына еніп, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бастауыш сынып мұғалімі З.Жылқыбаева «Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау» тақырыбында коучинг өткізіп, заманауи іс-тәжірибелерімен бөлісті.