13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ЖЫЛЫЖАЙДА 10-ҒА ЖУЫҚ ГҮЛ ТҮРЛЕРІН ЖЕРСІНДІРУДЕ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ЖЫЛЫЖАЙДА 10-ҒА ЖУЫҚ ГҮЛ ТҮРЛЕРІН ЖЕРСІНДІРУДЕ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы №11 “Жолбасшы” жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Данабек Айкөркем үй гүлдерін өсірумен айналысады. Арнайы жылыжайда 10-ға жуық үй гүлдерінің түр-түрін баптап отырған дарынды оқушы биология пәні мұғалімінің жетекшілігімен зерттеу де жүргізіп жатыр.
– Гүл өсіру – ертеден келе жатқан шаруашылықтың «әдемі» саласы. Қазіргі таңда шаруашылықтың бұл түрі әлемде қарқынды дамып келе жатыр. Гүл өсіру Голландияда, Германияда, Жапонияда, басқа да бірқатар елде жақсы дамыған. Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Табиғаттың сәнін келтіретін, әлемге сұлулық сыйлайтын гүлді өсіру оңай емес. Ол өскеннен кейін емес, өскенге дейін де ерекше күтімді қажет етеді. Гүл өсіру үшін оның әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген жөн. Қалай өсіру керек, қандай материалдар қажет? Осы сынды түрлі сұраққа өзім тұрып жатқан Келес ауданы Жолбасшы елді мекенінде гүл өсіретін Исмаилов Бахтияр есімді ағамның жылыжай шаруашылығында өз тәжірибемді арттырдым,-дейді еңбекқор қыз.
Жас дарын гүл өсіру үшін кем дегенде үш-төрт ай, ал кейде жарты жыл уақыт қажет екендігін де айтады:
– Көп адам жылыжайдың басты проблемасы жылыту деп ойлайды. Көктем және жаз айларында гүлдер үшін ауаны қалай салқындату туралы білу де маңызды. Қазір жылыжайда желдеткіштер үнемі жұмыс істеуі қажет. Егер өшірілсе, 30 минут өтпей-ақ жылыжайда 30-35 градус жылы болады. Мұндай кезде гүлдерге жылудың шамадан артып, улы газдардың жоғары деңгейде түзілуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Жазда желдеткіштің шамасы келмейді, қабырғаларды алып тастауға тура келеді.
Аталған оқу ордасының биология пәнінің мұғалімі Арипбаев Биғазы:
– Өсімдіктерді өсіруге қызығушылық танытқан Айкөркем гүл мен бұталы ағаштарды жерсіндіріп, жетілідіруде. Шағын жылыжай ішінде қазір осындай 10-ға жуық өсімдік түрі жайқалып тұр. Ботаникалық жылыжай «Гүл» шаруашылығымен айналысатын Бахтия.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА АРНАЙЫ САПАРМЕН БАРДЫ

Next Post

КЕЛЕСТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МЕКТЕП АСПАЗШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі