13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА АРНАЙЫ САПАРМЕН БАРДЫ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА АРНАЙЫ САПАРМЕН БАРДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлының кезекті іс-сапары Қазығұрт ауданында жалғасты.
Алғашқы аялдама Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Басқарма басшысы білім ұясымен танысып, ағымдағы жөндеу жұмыстарына ұсыныс беруді тапсырды. Қазіргі таңда газға ауыстыру жоспарда.
Қазығұрттағы Қызылдихан жалпы білім беретін мекемесіне келген басқарма басшысы аралауды қауіпсіздік шараларынан бастады. Қоршауды қарап, бейнебақылау камераларын түгендеді. Дабыл батырмасын да тексерді. Интернет жылдамдығының баяулығы байқалды. Мектеп директорына тиісті жұмыс жүргізіңіз деп нықтап тапсырма берді.
Келесі “Жаңатірлік” жалпы білім беретін мекемесіне ат басын бұрды. Қатты отыннан газға өткен білім ордасында мәселелер жеткілікті. Қауіпсіздік бойынша кей бейнебақылау камералары жұмыс істемейді. Ішкі әжетхана мәселе бойынша мектеп директорына тапсырма берді. Білім ұясына орталықтандырылған судың келуі де мәселе. 53 жыл бұрын ашылған мектепте 600-ге жуық оқушы білім алады. Қатты отын қоры жеткілікті, 200 тонна бар.
Басқарма басшысы тек орта білім беретін мектептерді емес, Қазығұрт Дарын мектеп-интернатына да кірді. 2012 жылдан бері қызмет ететін білім ошағында 310 бала білім алады. Жылу жүйесі газбен жылытылады. Спорт залы бір қалыпты болғанымен, бірде-бір күрделі жөндеуден өтпеген. Асханасының жағдайы жақсы. 32 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Еске салсақ, Түркістан облысында бала құқықтарын жөніндегі уәкілі Гүлжан Вероцкая бала құқығына қатысты мәселелерге тоқталып, шешімін табу жолдары туралы да ұсыныстарын жеткізген еді.
– Біздің мектеп психологтары белгілі жоспарға сәйкес психометриялық тестер мен түрлі тренингтер жүргізеді, дегенмен күрделі мәселе туындағанда кәсіби көмек көрсете алмайды. Психология саласында зерттеулер жетіспегендіктен, кімге қандай көмек көрсетілуі туралы нақты нұсқаулықтары жоқ. Түркістан облысы бала саны бойынша алдыңғы қатарда болғандықтан, бала құқығын қорғау бізде өте өзекті. Әрекеттеріміз жүйелі әрі нақты болуы үшін біз зерттеулер жүргізіп, негізгі заңдылықтарды анықтап, тиімді шараларды талдап, кешенді шешімдерді қабылдауымыз керек, – деген еді ол.

Previous Post

АНТАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСҚАН 12 ОҚУШЫНЫҢ 11-І ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Next Post

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ЖЫЛЫЖАЙДА 10-ҒА ЖУЫҚ ГҮЛ ТҮРЛЕРІН ЖЕРСІНДІРУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі