13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АНТАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСҚАН 12 ОҚУШЫНЫҢ 11-І ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
АНТАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСҚАН 12 ОҚУШЫНЫҢ 11-І ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2021-2022 оқу жылының 21 желтоқсан айында Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицей директоры Нысанкулова Лазат Жаналиевна Туркия мемлекетіндегі Халықаралық Туризм және меймандостық Академиясының ректоры М.С.Мурзамадиевамен ҚР 2025 жылға дейінгі даму жоспарының стратегиясын, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдете оқыту, ғылыми-практикалық жобаларды жүргізу және интеллектуалдық деңгейді жан-жақты дамытуды жүзеге асыру мақсатында меморандумға отырғандықтан, биыл да халықаралық олимпиадаға арнайы шақырту алды.
Ағымдағы жылдың 29 қазан — 5 қараша күндері аралығында Туркия мемлекетінің Анталия қаласындағы «Туризм Академиясының» жыл сайынғы ұйымдастыруымен (2-4), (5-9), (10-11) сынып оқушылары арасында өткізілетін жалпы білім беретін пәндерден Халықаралық олимпиада өтті.
Бұл білім додасына Қазақстан, Ресей, Азербайжан, Өзбекстан, Кения, Нидерландия, Украйна, Алжир, Иран, Ливан т.б мемлекеттерден оқушылар мен студенттер қатысады.
Олимпиада: математика, ментальды арифметика, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, химия, биология, түрік тілі, география, дүниежүзі тарихы, сурет, қоршаған орта пәндерінен өтті.
Айта кетейік, №28 мектеп-лицейден олимпиадаға 12 оқушы қатысып, оның 11-і жүлделі орынға ие болды.
Бұл дегеніңіз, аталған оқу ордасы үшін өте жоғары жетістік болса, ал,Түркістан облысы үшін зор мақтаныш!
Еске салсақ, осыған дейін Египетте ментальды арифметикадан өткен халықаралық сайыста жеті мемлекеттен келген оқушылар бақ сынады. Сайысқа Қазақстан, Ресей, Англия, Болгария, Қырғызстан, Иран елінен келген ойы ұшқыр, есептің шешімін жылдам таба алатын ең алғыр оқушылар қатысып, нәтижесінде «Достық» мектебінің математика пәнінің мұғалімі, халықаралық тренер атағының иегері Эльмира Суярбаеваның жетекшілігімен шәкірттері еліміздің көк туын Египет төрінде желбіретті.
Атап айтсақ, Ордабасы ауданына қарасты «Достық» жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушысы Аллақұл Аяна бас жүлде, 6 сынып оқушысы Ерсеит Самат ІІ — орынды және «Ынтымақ» мектебінің 6 сынып оқушысы Алдаберген Аят І — орынды, «Нұрлыбеков мектебінің 3 сынып оқушысы Ералхан Нұрәлем ІІ — орынды иемденіп, ел алғысына бөленді.

Previous Post

ЖАПОН МЕМЛЕКЕТІНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕТКЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА АРНАЙЫ САПАРМЕН БАРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі