Жапон мемлекетінің білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институтының қолдауымен «Мұғалім тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)» шетелдік семинары өз жұмысын аяқталды.
Іс-сапардың екінші кезеңінде Түркістан облысының педагогтері сабақты зерттеу National Institute for Educational Policy Research (білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институты) білім беру саласының ғылыми қызметкері, профессор Тошия Чичибудың Lesson Study әдісінің мақсатын, артықшылығын, оны оқу үдерісінде пайдаланудың тиімділігін, сондай-ақ аталған тәсілді кезең-кезеңмен іске асыру бойынша дәріс алды.
Yokohama қаласының Tobe бастауыш мектебінің зерттеу сабақтарына қатысты. Жапония мұғалімдерінің сабақ өткізуі мен ізденісі, олардың өз мамандығына деген адалдығы, еңбекқорлығы, елдік санада тәрбие беруі кәсіби қалыптасқан. Аталған семинар барысында делегаттар көптеген мәлімет алды.
Бір аптаға жалғасқан семинар cоңында делегаттарға National Institute for Educational Policy Research (білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институты) білім беру саласының халықаралық сертификаты табысталды.
Облыс әкімінің тікелей қолдауымен орындалып жатқан білім саласындағы халықаралық іс-сапар жоғары деңгейде өтті.
Токиодағы оқу семинарының жұмыс жоспарына сәйкес бірінші күні делегаттар қазіргі жапон білім беру жүйесінің қалыптасу тарихымен танысты. Уаседа университетінің профессоры Юмико Оно жұмыс тобын жапон мектептеріндегі оқыту әдістемесімен таныстырды. Халықаралық семинардың екінші күнінің бағдарламасы бойынша Иокоһамада орналасқан мектеп базасында жұмыс жүрді. Делегаттар Lesson study әдістемесі бойынша 3 және 6-сыныптардағы кіріктірілген оқытудағы зерттеу сабақтарына еніп, сонымен қатар жапон мұғалімдерінің зерттеу топтарының жұмысына және сабақтарына қатысты.
Өңір делегациясы жапон білім мазмұны мен білім беру әдістемесін ғана емес, әкімшілік басқару, педагогикалық ұжымдық мәдениет, педагогтың кәсіби даму құлшынысы мен траекториясы, оқушылардың патриоттық санасын қалыптастыру, тіпті шаруашылық сұрақтарына да жауап алды.
Семинар жұмыстары осы апта соңына дейін жалғасатын болады. Т.Шишибо профессордың лекциясы мен мектептердегі зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Айта кетерлігі, Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы мен Жапонияның Білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының арасында білім беру байланысы орнатылып, бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісілді.