13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданына қарасты Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 2023 жылы 6 қараша күні Республикалық «Махамбет оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Бұл конкурсқа білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасынан 5 номинация бойынша аудан мектептерінен 89 оқушы қатысты.
Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету мақсатында өткізілген байқау 5 бағыт бойынша жүзеге асырылды.
1-номинация «Ұлы арман» — Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
2- номинация «Ел құтқарар ер едім…» — Махамбет шығармаларын жатқа оқу;
3- номинация «Тартынбай сөйлер асылмын…» — жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы;
4- номинация «Шашақты найза, шалқар күй» — Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы;
5- номинация «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» — «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау бағыты бойынша сайысқа түсті.
Осыған дейін аталған байқау Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында республикалық «Махамбет оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Бұл конкурсқа білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы аудан мектептерінен 62 оқушы қатысты.
Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету мақсатында өткізілген байқау 5 бағыт бойынша жүзеге асырылды.
Байқау мақсаты – оқу мәдениетін насихаттау, мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру болып табылады. Бес бағыт бойынша өткен байқауда оқушылар Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу, Махамбет шығармаларын жатқа оқу, Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы, Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы, «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау бойынша сайысқа түсті. Байқауға қатысқан оқушылар әсіресе Махамбет, Жәңгір хан, Ер Едіге, Қасымхан сынды кейіпкерді таңдай отырып, жинақтаған деректерді жүйелі жан-жақты талдай отырып, тарихи-әдеби, рухани мәнін шығармашылығынан үзінді келтіре отырып, аша білді. Көтерілген мәселенің өзектілігін ұлттық мүдде тұрғысынан талдап, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын арнайы дайындаған слайд арқылы көрсете білді. Сонымен қатар, қуантарлық жайт -ауданымызда жас ақындарымыз көптеп шығуда. Жас ақындарымыз ұсынылған тақырыпқа өз шығармаларын ұсыну кезінде өлеңнің ұйқасына, идеясына аса мән берді.

Previous Post

ОРДАБАСЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР МЕНТАЛЬДЫ АРИФМЕТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫСТА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

Next Post

ЖАПОН МЕМЛЕКЕТІНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕТКЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі