13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы қайың өсірумен айналысады

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы қайың өсірумен айналысады
Share on FacebookShare on Twitter

Оның мaқcaты – қaйың ағаштарының емдік қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу. Келестік оқушы қайың өркендерін өсіруде. Келес ауданындағы №37 Рахымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрсұлтан Сәрсенбек қайың ағаштарының бірнеше түрлеріне сипаттама жасау арқылы лабораториялық жағдайда микроөркендерін арнаулы контейнерлік ыдыстарға бөліп өсіріп, оларды жеке торфты таблеткаларға отырғызды. Жас ғалым «Қайың ағашының пайдасы мен ерекшеліктері шаруашылықта және медицинада қолдану» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Оның мaқcaты – қaйың ағаштарының емдік қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу. Нұрсұлтан өз алдына арнайы міндет те қойған. Ол Корель және Даур қайыңдары декоративті болғандықтан қайыңның бұл түрін сабағынан немесе жапырағынан көбейту арқылы медицинада және адам денсаулығы үшін пайдасын сипаттау болатындығын айтады. «Ақсу, Балдыберек, Төңкеріс, Қасқасу елді мекендерінде өсетін қайың түрлерінің микроөркендерін бөліп алып Түркістан облысының көрікті жерлеріне отырғызып көгалдандыру жaғдaйындa зepттeу apқылы жaңa ғылыми дepeктep aлуға болады», – дейді оқушы. Ғылыми жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сенбі Мамашов шәкіртінің ғылымға деген ынтасын дұрыс бағытқа бұрып, оның ғылым жолына түсуіне өз үлесін қосуда. Мектеп мұғалімі оқушысымен бірге қайыңның жас өркендерін торфты таблеткаларға отырғызуға көмектесті. Алдағы уақытта Нұрсұлтан осы зерттеуін ғылыми жобалар байқауына ұсынбақ.
Бұған дейін НЗМ оқушыларына жасанды интеллект, цифр­лы технологиялар, роботтехника, инженерия, сәулет өнері, экология саласындағы танымал отандық және шетелдік спикерлер онлайн-форматта қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде вебинарлар өткізген. Олардың қатарында еуропалық футурист Герд Леонхард (Швейцария), сутекті көлік түрлері бойынша аустралиялық сарапшы Брендан Норман, ресейлік «R:ED» ком­паниясының білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы Алиса Большакова, Назарбаев университетінің ғылыми қызмет­кері Жанат Махатаева және бас­қа да беделді ғалымдар бар. Ал практикалық сабақтар топо­г­ра­фиядағы Пифагор теоремасына, жер сілкіністерін түсіну үшін математикалық модельдеуді пай­далануға, ғарыш материалда­рын жасауға және химия, биология, физика, математика мен информатика саласындағы бас­­қа да жобаларға арналды. Түр­кіс­тан қаласында өткен бас­ты іс-шарада «Назарбаев зият­керлік мектептері» ДББҰ қыз­меткерлері әзірлеген оқу және цифрлы ресурс­тар жәр­меңкесіне оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, жи­­нақ­тар, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арнал­ған нұсқаулықтар қойылды. Аталған ұйымның басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов дарынды оқушылардың ғылыми жобаларын көрді. Мысалы, «Жүйелік-әдістемелік кешен» онлайн платформасы, 3D форматындағы NIS LAB вир­туалды зертханасы, NIS MEET POINT ашық онлайн алаңы көрсетілді. Сондай-ақ оқу­шылар «Мен сияқты жаса» тақырыбындағы STEAM жобаларын таныстырды. Олардың басым бөлігі медицина саласына жасанды интеллекті енгізуге арналған. Мысалы, Тараз қала­сын­дағы NIS-те әзірленген COVID-19 клиникалық симп­томдарды бақылау жүйесі Жам­был облысындағы ең үздік стартап аталып, республикалық ғылыми жобалар байқауында екінші орынды жеңіп алды.

 

Previous Post

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

САРЫАҒАШ: АУДАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі