13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: АУДАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: АУДАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде салынып жатқан 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарымен танысты.
— «Жайлы мектептің» ерекшелігі — мектепте оқушы үшін де, мұғалім үшін де жан-жақты қолайлы жағдай жасалады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спортзалдар болады. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату көзделіп отыр. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайлар қарастырылады. Жайлы мектеп қолданысқа берілгеннен кейін мұғалімдер үшін және өзге де жұмыс орындары ашылады, — деді аудан басшысы.
Айта кетсек, «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген.
Бүгінгі күнде, мектептің қазан шұңқырын қазу жұмыстары аяқталып, нысананың іргетасын көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.
«Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында құрылысы салынатын 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 49 000 орын) іс-шара жоспары бекітіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жаңа мектеп құрылысын салуға тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылып, жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы қайың өсірумен айналысады

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҮШ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі