13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш қаласындағы Телемұнара мөлтек ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық мектептің құрылысы басталды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев салынып жатқан жаңа нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Мектепте арнайы пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар және шеберханалар болмақ. Сондай-ақ, қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «ART құрылыс» тарапынан мектеп ғимаратының қазан шұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі жауапты мердігерге тиісті жұмыстарды сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған.
Аталған 63 мектептің ішінде 300 орындық — 11 мектеп, 600 орындық — 25 мектеп, 900 орындық- 15 мектеп, 1200 орындық — 6 мектеп, 1500 орындық – 4 мектеп, 2000 орындық — 2 мектеп бар. Нәтижесінде 49 мың оқушыға мектептен орын дайындалады.
Биыл 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мен жобалаушы мекемелер анықталды. Олар 2024 жылы пайдалануға берілетін болады. Қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады. «Ұлттық жоба» аясында облыстағы апатты 8 мектептің үшеуінің, үш ауысымға өту қаупі бар 21 мектептің 14-нің мәселесі шешілетін болады.Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев оқушылардың лайықты білім алуы үшін барынша жақсы жағдай жасауды тапсырды. Алдымен, үш ауысымдық мектептер болмауы қажет. Себебі ол білім сапасына кері әсер етеді. Осы тұста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асатын болады. «Жайлы мектеп» – жай мектеп емес. Аты айтып тұрғандай бала үшін жайлы жағдай жасалуы шарт. Спортзалдары үлкен, асханалары да кең, бөлек, бастауыш сынып пен жоғары орта және жоғары сынып оқушылары бөлек оқиды, оған қоса заманауи үлгіде жабдықталған сыныптарда білім алады.

Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалар ұлттық жобалар форматына көшіріледі. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы осы мақсатта жаңа жоспарларды жүзеге асырады. Төрт бағыттан тұратын ұлттық жоба ауыл мен қала мектептеріндегі арақашықтықты азайту, білім сапасын арттыру, техникалық, кәсіптік білім алушыларға қолдау көрсету, өңірлік жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағыталған.

Қазіргі таңда аталған жоба қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, мектептердегі қауіпсіздік мәселесі жолға қойылды. Барлық білім ошақтарына бейнебақылау камералары орнатылды. Тіпті кейбір мектептерде Face ID-сіз ішке кіру мүмкін емес. Яғни, бет-бейнесі жүйеге енгізілген оқушы мен ұстаз ғана мектепке кіре алады. Бұл бөгде адамдардан қорғануға арналған.

Previous Post

Келесте ауыл мұғалімі инклюзивті білім беру бойынша авторлық бағдарлама жазды

Next Post

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі