13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келесте ауыл мұғалімі инклюзивті білім беру бойынша авторлық бағдарлама жазды

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Келесте ауыл мұғалімі инклюзивті білім беру бойынша авторлық бағдарлама жазды
Share on FacebookShare on Twitter

Сөйлеу мен интеллектуалды дамудың өзара байланысы білім беру мекемелерінде сабақтарда жарқын көрініс табады. Ал инклюзивті білім беруде болса тілдің құрылымын көрсететін және оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында Келес ауданының №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Асилбекова “Орыс тілі сабақтарында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері” тақырыбында авторлық бағдарлама жазды.

– Инклюзивті сыныптарда сабақ беру кез-келген мұғалімнен үлкен тәжірибені талап етеді. Ал тілді үретуде балалардың лексикасы мен фразеологиясының негізгі стилистикалық ресурстарын, орыс әдеби тілінің негізгі нормаларын орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, сөйлеу этикетінің нормаларын меңгеруі үшін қарапайым сабақ өту жеткіліксіз. Сондықтан бұл авторлық бағдарлама барлық мұғалімдерге әсіресе жас мамандарға көмекші құрал болады деген сенімдемін,- дейді мектеп мұғалімі.

Білікті педагог орыс тілі сабақтарында оқушылар әдеби тіл нормалары мен сөйлеу этикетінің ережелері туралы түсінік алып ғана қоймай, өзара қарым-қатынаста коммуникативті құзыреттілік қалыптастыру маңызды дейді. Айта кету керек Алтынай Садуакасовнаның авторлық бағдарламасында күнтізбелік тақырыптық жоспар мен қысқа мерзімді жоспарлар толық берілген.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.

Previous Post

Түлкібас: Білім саласы жаңа ғимараттармен толықтырылуда

Next Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі