13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас: Білім саласы жаңа ғимараттармен толықтырылуда

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түлкібас: Білім саласы жаңа ғимараттармен толықтырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жол картасына енген нысандарының бірі Таусағыз елді мекеніндегі Г.Титов ЖОМ 150 оқушыға арналған қосымша корпус нысанының құрылысы аяқталып, 1 қыркүйек «Білім күніне» орай пайдалануға берілген. Таусағыздықтардың қос қуанышы, 1 қыркүйек «Білім күні» және мектеп жаңынан қосымша 150 орындық Ғимараттың ашылу салтанатында «АМANАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қ.Еркебаев және ауыл ақсақалдары құттықтау сөз алып, ауыл тұрғындарын жаңа білім нысандарымен құттықтап, мерекелік лебіздерін білдірді.

Көп жылдан бері бала санының артуына байланысты өзекті мәселенің бірі болып келген Титов мектебін ұлғайту мәселесі осылайша өз шешімін тапты.

Өткен жылдан өтпелі болып құрылысы жүрген жаңа ғимаратта 12 кабинет қарастырылған. Оның 4-і арнай пәндерге ыңғайластырылып жабдықталған сыныптар. Қосымша ғимараттың құрылысымен бірге мектептің ескі ғимараты да толық жөндеуден өтіп, ауласы абаттандырылған.

Айта кетейік, бүгін ауданда 60 жалпы орта мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Онда 23 мыңнан астам оқушы білім алса, соның ішінде 2204 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет атап отыр.

Сонымен қатар, тағы бір білім нысаны Майлыкент округіне қарасты Бахыбек (Кезен) ауылында 300 орындықты мектеп құрылысының жұмыстары қарқынды жүруде. Құрылыс жұмыстарына филиал және фракция мүшелері тарапынан тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Ондағы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде және құрылыс материалдары толығымен жеткілікті. Аталмыш нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланғанымен, аяқталмай қалу қаупі бар. Алайда ғимараттың қазіргі дайындығы қазіргі таңда 50%-ды құрайды. Осыған байланысты тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасына хат жолдау жөнінде ұсыныс түсті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ГЕНЕРАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

Келесте ауыл мұғалімі инклюзивті білім беру бойынша авторлық бағдарлама жазды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі