13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ГЕНЕРАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ГЕНЕРАЛМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кеше түркістандық оқушылар генералмен кездесті. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовпен кездескен оқушылар зор әсер алғандарын жасыра алмады.
Департамент басшысы мектеп оқушыларымен кездесіп, ішкі істер органдарының жұмысымен таныстыруды, оларға өзінің өнегелі сөздерін айту арқылы тәрбиелі болуға шақыруды бұдан біраз бұрын бастаған болатын. Осы үрдісті жалғастырған Мұрат Талапұлы бұл жолы М.Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесуді мектептердің қауіпсіздік жүйесімен танысудан бастады. Мектепте қойылған дабыл нүктелерін, бейнебақылау камераларын тексеруден өткізіп, жұмыс жасау жүйесін бақылады. Сонымен қатар, білім саласының қызметкерлері және ұстаздармен тілдесті.
Осыдан соң оқушылармен бірге Полиция департаментінде экскурсия жасады. Экскурсия барысында департамент қызметкерлері оқушыларға арнап құқықбұзушылықты болдырмау жөнінде сабақтарын ұсынды. Сабақ барысында жасөспірімдердің тәртібі, ойынқұмарлық, ішімдікке салыну, нашақорлық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік туралы өзекті ойлар айтылып, жас өрендерді жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері өз өнерлерін, спорттық шеберліктерін көрсетіп, өздерінің жұмыс жүйесімен таныстыруды да ұмытпады. Оқуда озат, тәртібімен көзге түскен оқушылар Департамент басшысының алғыс хаттарына ие болды. Өз кезегінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Маханбетов сөз алып, шараның маңыздылығын атап өтті. Тәлім-тәрбиелік маңызы бар шара соңында оқуда озат оқушылар мен олардың ұстаздары полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің атынан алғысхатпен марапатталды. Шара соңында Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Мұрат Талапұлына және Департамент қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, мұндай кездесулер жасөспірімдердің түзу тәрбие алуына зор әсер ететіндігін, әрқашан бірлесе жұмыс жасауға күш салатындығын жеткізді.

Previous Post

ОТЫРАРДА: БІЛІМ ҰЯСЫНДА СУ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Next Post

Түлкібас: Білім саласы жаңа ғимараттармен толықтырылуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі