13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ: «ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ АУДАНЫ: «ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.
Аталған іс-шараға Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Романқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов және Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Нұралы Айдаров, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Әкелер мектебінің» төрағалары мен «Әжелер алқасының» төрайымдары қатысты.
Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, тәрбие үдерісін ұйымдастыру, әкенің отбасындағы рөлін терең тану және жетілдіру мақсатында өткен шарада Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов «Әкелер мектебінің» маңыздылығы, бала тәрбиелеудегі өзекті мәселелер туралы сөз қозғаса, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Романқұлов «Әкелер мектебінің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Нұралы Айдаров «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында құрылған «Әкелер мектебінің» маңыздылығын таныту арқылы бала тәрбиесіндегі әкелердің жауапкершілігін арттыру, әке рөлін көтеруге бағытталған пікірталас алаңын құру туралы тілге тиек етті.
Семинар барысында «Әке – бәйтерегім, ұлым – мұрагерім» тақырыбында семинар-сабақ, «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» тақырыбында пікірталас, «Әкешім – бәйтерегім» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары көрсетілді.
Шара соңында семинар-кеңеске қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынылып, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Previous Post

КЕЛЕС АУДАНЫ: БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТ ОРНАТЫЛДЫ

Next Post

АРЫС: ОҚУШЫЛАР ЫДЫС ЖУУҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАРДЫҢ АҒЗАҒА КЕРІ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі