13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ: БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТ ОРНАТЫЛДЫ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС АУДАНЫ: БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТ ОРНАТЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының орталығында орналасқан №2 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековке демеушілер қолдауымен ескерткіш бюст орнатылды. Тас тұғырдың салтанатты ашылу рәсімінде алғаш болып сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Бурлибаевич ұлт рухын ұлықтаған ұлы тұлғаның ұлттық мәдениетіміздің қайта жаңғыруына қосқан еселі еңбегін тілге тиек етті. Жиылған жұртшылық іс-шара барысында қазақ мәдениетінде өшпессіз із қалдырған, ұлттық жәдігерлерді өскелең ұрпаққа аманаттаған арда азаматтың өмір жолымен танысты.
Салтанатты шарада сөз алған ұлт жанашырының ұрпақтары да Өзбекәлі Жәнібеков халық алғысын арқалаған таутұлға екенін атап өтті. Айтулы шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиевпен бірге аудандық мәслихат депутаты Амангелді Жүзенов, Келес ауданы білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиев, Ө.Жәнібековтың ұрпақтары мен ұстаздар, мектеп ұжымы қатысты.
Білім ордасында ашылған ерекше ескерткіш-бюст мүсінші Есжанов Мергеннің туындысы.
Айта кету керек қазіргі таңда Өзбекәлі Жәнібеков есімін иеленген білім ордасында 2000-нан аса оқушы тәлім алады.
Өзбекәлі Жәнібеков билік басында жүрсе де еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды түгендеу, зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмысына бейжай қарамағандығы әмбеге аян. Саналы ғұмырын қазақтың жоғын түгендеумен өткізді. Айрықша күмбезі көкпен таласқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің болашағына қатты алаңдағаны да белгілі. Алып кешенді қайта жөндеуден өткізіп, мұражай жасақтауы да екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа еді.Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды. Жәнібеков «Шертер», «Адырна», «Алтынай», т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРІП, ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

СОЗАҚ АУДАНЫ: «ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі