13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРІП, ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРІП, ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР ІІМ Ержан Саденовтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов бүгінгі күнді мектептердің қауіпсіздік жүйесін тексерумен бастады. Облыстың бас полицейі №21 М.Пошанов мектебіне барып, білім басқармасының мамандары, мектеп директоры және ұстаздармен тілдесті.
Кездесу барысында департамент басшысы білім ошағына орналастырылған «дабыл батырмасын» басып, қызметін бақылады. Дабыл болған кезде полиция нарядының неше уақытта келетінін және қалай әрекет жасайтынын тексерді.
Сонымен қатар, аталған оқу орнындағы бейнекамераларды қарап шығып, бекітілген күзет қызметкеріне жүктелген жауапкершіліктерді түсіндірді. Мектептегі қауіпсіздікке толық көз жеткізген соң, генерал оқушыларды Полиция департаментін экскурсиялауға шақырды.
Департаменттің қызметкерлері 100 оқушы мен ұстаздарға арнап құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында департамент басшысы М.Қабденов жасөспірімдерге тәртіпті болу керектігін, ойынқұмарлық, нашақорлық, зорлық-зомбылық пен әлімжеттік туралы айтып, болашақта ардақты азамат болатындарына сенімін білдіретінін жеткізді.
Одан әрі қарай білім алушыларға өнерлі тәртіп сақшылары өнерлерін, спортты серік еткендері өздерінің дайындықтарын көрсетсе, департаменттің алаңшасында балаларға қару-жарақтар, қызметтік көліктердің қызметі мен цифрландыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
Жедел басқару орталығына да аялдаған балалар өздерін полиция қызметкерлері қалай бақылап отыратынын, бейнекамералардың қызметін көріп, танысты.
Тәлім-тәрбиелік маңызы бар шара соңында озат оқушылар мен олардың ұстаздары полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің атынан алғысхатпен марапатталды.
Айта кеткен жөн, Түркістан облысының полицейлері балалар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі кездесулер ұйымдастырып, бүгінгі таңда білім ошақтарына барып, құқықтық сауаттылықты арттыру сабақтарын өткізуде.

Previous Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: "МЕКТЕП - МЕНІҢ ОТБАСЫМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЙЫС САБАҚ ӨТТІ

Next Post

КЕЛЕС АУДАНЫ: БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТ ОРНАТЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі