Мұғалімнің біліктілігін сынайтын сәт ашық сабақ болса керек. Бұл сабаққа ұстаздар қауымы барын салып дайындалатыны белгілі. Бұл өз кезегінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятса, екінші жағынан ұстаздың біліктілігін ұштай түседі. Жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Тастұмсық ауылдық округіндегі Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында 9 «Б» сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ тақырыбы: «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан» деп аталады. Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары — демографиялық өзгерістердің себеп- салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау, Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру. Сабақ барысында картамен жұмыс, сәйкестендіру, шығармашылық тапсырма, жұптық жұмыс орындалды. Берілген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындай білді. Оқушылар сабақтан алған әсері туралы кері байланыс арқылы жеткізді. Алдағы уақытта осы сынды ашық сабақтардың көбірек өткендігін қалайтындықтарын жеткізді. Пәндік сабақ барысында ашық сабақтан алған көптеген мәліметтерді пайдаланатындықтарын айтып өтті. Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізген: педагог-модератор Есполатова Айгерім Анарбайқызы. Бұдан бөлек, «Мектеп — менің отбасым» жобасы аясында Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-10 сынып оқушылары арасында математикалық сайыс сабақ өтті. Тақырыбы — «Мобиус».
Мақсаты: дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, сергектік, зеректік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдап, білімді жастарды анықтайтын «Мобиус» атты танымдық сайыс жоғары деңгейде өткізілді.
Жоба аясындағы жұмысты аталған білім ордасының ұстаздары Бактигул Пирниязова, Маржан Жуманова өткізді.
Аудан бойынша оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге және оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқыту семинарлары мен тренинг сабақтар жүйелі түрде өткізіліп отырады.