13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫ: ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ АУДАНЫ: ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы, № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында Сайрам АПБ бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.Ауенов және ЖПКБ ЮПТ-ның аға инспекторы полиция капитаны Б.Төлегеновтың қатысуымен мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллинг, ерте жүктіліктің және балаға қатысты жыныстық тиіспеушілік, қатігездік, зорлық-зомбылық, жолда жүру қауіпсіздігі, заңсыз көлік айдау сияқты маңызды мәселелер аясында құқықтық кеңестер берілді. Жиын соңында оқушыларымен ашық алаңда пікір алмасу, сұрақ жауап аясында талқылау жүргізілді.
Мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-мектептегі тәрбие жұмысының маңызды аспектісі. Бүгінгі таңда мектебіміздің педагог қауымы алдында тұрған басты міндеттердің бірі-жасөспірімдер арасындағы теріс тәрбиенің алдын алу,болдырмау. Сонымен бірге балалардың қараусыз жүруінің алдын алу жұмысы біздің мектепте қолға алынған.
Құқықтық білім мен тәрбие беруде тек танымдық ғана емес, эмоциональды-құндылық аспектісін пайдалануға бағытталған инновациалық оқыту және тәрбиелеу формаларын енгізу қажет. Адам құқығын үйретудің алғашқы сатылары өзін-өзі анықтаудың үлгілі дамуына, демократиялық құндылықтарды және әртүрлі мәдениетті меңгеруге негізделген.

Мектепте құқықтық тәрбие жұмысы бастауыш сыныптан бастап, белгілі бір жүйелілікпен ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс. Әрине, құқықтық тәрбие тиімді нәтиже беру үшін оқушылардың жасын, психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру абзал. Сондықтан, ғалым Ғ. Сапарғалиевтің пікірінше, құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыға бөлінеді: 1-4 сыныпта, 5-7 сыныпта, 8-9 сыныпта, 10-11(12) сыныпта. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс. Соңғы сатыда (10-11(12) сыныпта) құқықтық тәрбие берудің мынадай міндеттері бар:

Мемлекет заңдарының сан алуан күрделі қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, реттейтін құдіретті құрал екенін түсіну;
Орта мектепті бітірген соң өзі таңдап алған әлеуметтік өмір саласын реттейтін заңдардың негізін білуі шарт;
Жоғары сынып оқушылары мемлекет, қоғам ісін басқаруға дағлынуы, үйренуі керек. Мұндай дағдыны бойға сіңіру, әдетке айналдыру үшін әрбір оқушы мектептегі, мектептен тыс оқу тәрбие, қоғамдық жұмысқа белсене қатысуы керек.
Әрбір оқушы өзін өмірге даярлап, мектепте белгілі бір мамандыққа үйренуіне жол ашылады. Демек, оның қоғамға пайдалы еңбекке дұрыс қарауы, өнімді еңбекке құштарлығы, еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауы еңбектік қатынастарды реттейтін заңдарды орындаудың негізі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖЕТІСТІК КӨП

Next Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: "МЕКТЕП - МЕНІҢ ОТБАСЫМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЙЫС САБАҚ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі