Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы мектебінде химия пәнінің мұғалімі Феруза Жолдасбекованың жетекшілігімен «Таза табиғи орта – Қазақстан — 2050 стратегиясын іске асырудың негіздері» бағыты бойынша 9 сынып оқушылары Ізтай Балауса мен Әмірхан Айару «Ыдыс жууға арналған заттардың адам ағзасына әсері» тақырыбында эксперимент жүргізді.
Мақсаты: Күнделікті тұтынып жүрген ыдыс жууға арналған құралдардың химиялық құрамына жан-жақты талдау жасау, пайдасы мен зиянын зерттеу.
Тәжірибе нәтижесінде оқушылар ыдыс жуатын құралдардың құрамындағы химиялық заттардың адам ағзасына әсерін және ыдыс жуатын заттардың сапасын зерттеп, халықты сапалы өнім тұтынуға шақырды.
Жалпы «Химия” пәнін оқытудың жалпы мақсаттары:
1. Оқушылардың қоршаған әлемді құраушы химиялық білімдер туралы, осы салада қолданылатын тәсілдер мен әдістер туралы, ғылыми дүниетанымдық көзқарастар мен тұлғалық-мәнді қызметті жүзеге асыру құралының негізі ретінде білім жүйесін қалыптастыру.
2. Оқу пәнінің көмегімен жалпы орта білім берудің жоғары сатысының түлектерінің құзіретін дамыту.
3. Өз бетінше жұмыс жасау арқылы және қажеттіктерін қанағаттандыру мен өздерін көрсете білулеріне сәйкес оқушылардың танымдық және интеллектуальдық қабілеттерін дамыту.
“Химия” пәнін оқытудың міндеттері:
Білім, түсінік және түсініктерді, заңдылықтарды, заңдарды, теорияларды, ұғымдарды және химия ғылымының әдістерінің қолданылу мүмкіндіктері мен түсініктері, білігі негізінде оқушылардың қоршаған әлем туралы; • жаратылыстану-ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
оқушылардың күнделікті өмірде және оқу процесі кезінде маңызды химиялық заттармен химиялық аспаптармен ұқыпты, қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
оқушыларды ғылым мен өндірістің негізгі бағыттарының дамуымен, экономикалық проблемаларды шешуде химияның техника мен технологиядағы ролімен таныстыру;
әлемнің қазіргі заманғы ғылыми көрінісін ойлау мен қазіргі заманғы білімді, мәдениетті және құзыретті тұлғаға қажетті біліммен және қызмет тәсілімен қаруландыруда химияның маңызды үлес қосатынын түсіндіруді қамтамасыз ету;
оқушыларда химиядан өз бетінше білім алуды, сонымен қатар алынған білімді әртүрлі химиялық құбылыстарды, заттардың құрылысы мен қасиеттерін, қазіргі заманғы технологияларды практикада қолдануды түсіндіру үшін алынған білімдерді қолдана білуді қалыптастыру; жаратылыстану ғылыми және өзіндік білімді жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
химияны оқу кезінде оқушылардың проблемаларды шешу тәсілдері мен, ақпараттық және коммуникативтік қызмет тәсілдерін білуді қамтамасыз ету;
оқушыларды пән көмегімен болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге дайындауға және жоғары кәсіби оқу орнында оқуын жалғастыру мүмкіндігіне көмектесу.