13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы – Келес ауданы: Білім саласы басты назарда

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы – Келес ауданы: Білім саласы басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter
Елдігіміздің еңсесі биіктей түскен сайын, қазақстандық жастардың білімге, ғылымға деген көзқарасы да өсіп келеді. Сол себепті сіз бен бізге жаңаша көзқарас қалыптастырып, озық елдермен иық тірестіретіндей деңгейге көтерілуі қажет-ақ. Осы арада ауыл мектептеріне артылар жауапкершілік арта түспек. Халық тығыз орналасқан оңтүстік өңіріндегі аудандардың бірі – Келес ауданы. Жүз қырық мыңға жуық халқы бар аудан үшін білім саласы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
саласын одан әрі дамытудың негізгі векторлары “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасында көрсетілген. Ел Президенті де білім саласын одан әрі дамыту мәселелерін қозғап, алдымызға үлкен міндеттер қойып отырады. Бұл міндеттерді ауданымызда орындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Келес ауданында 33747 оқушы білім алады. Білім сапасы балабақшадан бастау алады. Осы орайда біздің алдымызда бала бақшадағы білім сапасын көтеру міндеті тұр. Ауданда 98 мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етуде. Оның он екісі мемлекеттік, 84-жекеменшік, екі білім ордасы мектеп жанындағы шағын орталықтар. Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ. Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады. Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру,  қабылдау толық автоматтандырылған Сонымен қатар, осы бағытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын онлайн білім беру платформасын енгізілу жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек ауданымызда барлық мектептер бес күндік оқу жүйесі форматына көшті. Аймақ бойынша білім сапасын арттыру мақсатында басқарма тарапынан тың жобалар жүзеге асырыла бастағаны көңіл қуантады.  Педагогтарды аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz»  білім беру ресурстары енгізілуде. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін  «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылуда. Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулердің (PISA, TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалады. Жаңа жоба шеңберінде білім сапасын көтеру үшін педагогтердің біліктілігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Previous Post

Түркістан облысы: Ғылыми республикалық аймақтық семинар өтті

Next Post

Келес: Сапалы білім беру қызметінде мұғалімнің кәсіптік деңгейі маңызды рөл атқарады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі