13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес: Сапалы білім беру қызметінде мұғалімнің кәсіптік деңгейі маңызды рөл атқарады

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Келес: Сапалы білім беру қызметінде мұғалімнің кәсіптік деңгейі маңызды рөл атқарады
Share on FacebookShare on Twitter

– Жалпы менің білім саласына келуіме себепші болған – әкем. Сол кезден бері әке аманатын ардақтап келемін. Қазақ халқында “Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық” деген қанатты сөз бар. Дана халқымыздың осы бір сөзін қазірде жас шәкірттерге өзім де айтып келемін. Сол жылдары әкем «мұғалім үздіксіз білім алу керек» дейтін. Шын мәнінде бұл – заман талабы.

Сондықтан ұстаздар заман талабына сай ізденіп, жан – жақты дамып отырулары қажет. Пән мұғалімдерінің сандық-сапалық құрамына талдау жасап тұрамыз. Қазіргі таңда ауданымызда 34 педагог шебер бар. Жеті жүз тоқсан алты педагог-зерттеуші дәрежесінде. Педагог-сарапшы-1135, педагог-модератор-729. Былтыр пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» алты жүз жеті мұғалім, «Назарбаев Зияткерлік мектептер», Педагогикалық шеберлік орталығының базасында – 350 мұғалім өз білімдерін жетілдірді.

 

Сондай-ақ, аудан көлеміндегі пәндік семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялардың бағдарламалары, оқушылардың аймақтық пәндік олимпиада материалдары, түрлі бағыттағы байқаулар, сайыстардың ережелері осы топ мүшелерінің қатысуымен әзірленіп, ұйымдастырылуда.

Балаларды кітап оқуға баулу мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? – Аудан бойынша 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 38 мектептің кітапханаларын жаңғырту жоспарлануда. Баршаға белгілі заманауи кітапхана оқушының тек кітап алып, кітап оқитын орны ғана емес, баланың толыққанды ақпарат алып, ізденетін, еркін ойлы қатарластарымен бірге тиімді уақыт өткізетін ортасы болып саналады.

 

Білім беру ұйымдарындағы кітапханаларда IТ жабдықтары бар Coworking – орталықтары ашылатын болады. Оқушылардың ғана емес мұғалімдердің де кітап оқуына ынталандыру жұмыстары жасалып жатыр. Үздік оқырман оқушыларға велосипед, үздік оқырман мұғалімге шипажайға жолдама беру сияқты түрлі жобалар да іске асуда. Салалық бөлімнің жұмыс жоспарында апта сайын кітап оқу сағаты белгіленген.

Previous Post

Түркістан облысы – Келес ауданы: Білім саласы басты назарда

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖЕТІСТІК КӨП

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі