Түркістан қаласы, Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында филология бағыты бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, өзбек тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі) білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы өтті.
Байқау мақсаты: пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын Үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
Жұмыс презентация түрінде қорғалды, оған 7 минут уақыт берілді. Онда авторлық бағдарламаның элементтері, бағдарламаның түсіндірме жазбасы, мазмұны, авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі қаралды.
Байқауға Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты «Майлыкент» ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Изтлеуова және өзбек тілі мен әдебиеті пәнінен Ә.Науаи ат. ЖББМ Н.Каримова қатысты.
Жеңімпаздарды анықтаудың жалпы өлшем шарттары бойынша тақырыптың өзектілігі, ұсынылған материалдардың жаңашылдығы және ерекшелігі, жұмыстың оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға бағытталуы бойынша бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алия Изтлеуова жүлделі III орынды және өзбек тілі мен әдебиеті пәнінен Наима Каримова жүлделі II орынды иеленді.
Әлемде мамандық көп. Бірақ бұл мамандыққа талап әрқашан жоғары. Расында қоғамның дамуы мен болашағы ұстаздарға байланысты. Барлық мамандық иесі ұстаздың алдынан өтеді. Ұстаз болу – педагогикалық білімі туралы дипломның болуы ғана емес. Педагогикалық жоғары оқу орнын бітіргеннің бәрі мектепте жұмыс істеуге қала бермейді. Қазір мектеп мұғалімдерінен көп нәрсе талап етіледі: теорияны жеткізіп қана қоймай, оны практикада қызықты түрде көрсете білу, технологиямен сауатты жұмыс істеу, қағаз есептерін жүргізу, оқушылармен және олардың ата-анасымен байланыс орнату, бәрі-бәрі мұғалімнің міндетіне кіреді. Бәрі бірдей оқушылармен, олардың ата-анасымен тіл табысып, қазіргі қоғамның ұстазға қойған талаптарына жауап бере алмайды. Заман дамыған сайын мұғалімге де қойылар талап күшейіп келеді. Қоғам өзгереді, талаптар өзгереді, сәйкесінше мұғалім де өзгереді. Күн сайын жаңарып жатқан әлемде мұғалім де үздіксіз дамып, жаңарып отыруы керек. Осы тұста біз заманауи ұстаз кім деген сауалға жауап іздеп көруді жөн санадық. Д.Хиббен білім дегеніміз – кез келген жағдайда дұрыс әрекет ете білу дейді. Әлем орасан зор жылдамдықпен өзгеруде, сәйкесінше оқыту тәсілдері де өзгеруі керек. Біз аса қатты жылдамдықпен тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық технологиялар дәуірінде ақпарат көлемі де артып келеді. Дәстүрлі оқыту форматы бірте-бірте ескіріп, жаңаша оқыту форматы жүзеге асырылып жатыр. Мектепке шығармашыл, жаңа оқу бағдарламаларын жасап, енгізуге мүдделі, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана алатын мұғалім қажет. Заманауи ұстаздың бойында мына негізгі 4 қасиет болуы керек. Әрқайсысын жеке-жеке талдайық.Ұйымдастыру қабілеті: Ұстаздық – қай уақытта да сұранысқа ие мамандық. Ал замануи ұстаз ақпаратты қабылдауға, өңдеуге және өз бетінше қолдануға үйретеді. Ол өз пәнін біліп қана қоймай, ақпаратты түсінікті тілде түсіндіре алады, сабақтың тақырыбын педагогикалық тапсырмаға айналдырады, кері байланыс береді. Сабақ уақыты шектеулі болғандықтан бір сабақтың әр кезеңіне, сабаққа дайындалуға және тапсырмаларды тексеруге қанша минут кететінін бағамдайды.