Сайрам ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, 2023-2024 оқу жылында білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті, девиантты мінез-құлықты, құқықбұзушылықты, ерте жүктілікті, зорлық-зомбылықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында бірнеше іс-шаралар жоспарланған.
Атап айтсақ, психологиялық қызмет бойынша бекітілген мобильдік топ мүшелері ағымдағы жылдың 24-26 қазан күндері білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер арасында орын алған түрлі жағдайлардың себеп-салдарын анықтау, оқушылардың беймазалық жай-күйін төмендету бойынша аудан мектептеріне көмекке барды. Мобильдік топ мүшелері күйзеліске бейім және қобалжу деңгейі жоғары «Тәуекел тобына» жататын балаларға педагогикалық-психологиялық көмек беру, мектеп педагог-психологтарының «Бестерек» жобасы аясында жұмыстарын күшейту бағытында әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық фактілерін анықтау мақсатында сауалнама алынды және оның нәтижесі талқыланып, педагог-психологтарға алдағы уақытта атқаратын жұмыс алгоритмі туралы кеңестер берілді.
Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала өз ата – анасының тәрбиесін алуға, өз қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін шара қолдануды қамтиды.
Зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беруі, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.