Бүгін Бәйдібек аудандық білім беру ұйымдары арасында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны бастау алды.
Мақсаты — балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.
Науқанның мақсатты тобы – ата-аналар, балалар мен жастар, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, Балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ, сондай-ақ БАҚ өкілдері болып табылады.
Аталған науқанның 2023 жылдың 8-20 қараша күндері аралығында өтетінін ескерсек, алдағы уақытта жоспарға сәйкес барлық білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, БАҚ және ҮЕҰ мемлекеттік ұйымдарының басшыларымен кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.
Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды. Алдын алу деңгейінде балаларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнамамен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын зорлықсыз тәрбиелеу дағдыларын үйде қызмет көрсету және жақсы ата-ана болу бағдарламалары сынды шаралар арқылы дамыту маңызды. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде, сонымен бірге, қосымша білім беру ұйымдарында балаларға арналған арнаулы бағдарламалар болуы қажет.Шара қолдану деңгейінде балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы өкілетті органдарға міндетті түрде хабардау жүйесін жасау, жүйенің тиімділігін арттыру үшін бала құқықтарын қорғау жүйесіне қосымша әрекет етуші тұлғаларды енгізу, өкілетті органдар арасында нақты үйлестіру және тиімді өзара әрекеттесу тетігін жасап шығару, мамандарды балаларға зорлық-зомбылық көрсету оқиғаларымен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі зорлық-зомбылық оқиғалары кезінде құқық қорғау және сот органдарының шара қолдануына қатысты нұсқаулықтар әзірлеу маңызды.