13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

8 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ЕЛІМІЗДЕ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды.
‍Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын барлық 9-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңіне ниет білдерген оқушылар http://www.daryn.kz/ сайтында 15 қарашаға дейін тіркелуі тиіс.

«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Олимпиадада академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде жіберіледі. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні көрінбейді. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланады», — дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қараша айы; екінші (іріктеу) – желтоқсан айы; үшінші (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.
І кезең онлайн-платформада өтеді, оған қатысу үшін тіркеуден өту қажет. І кезең қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың жалпы санының 35%-ы олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға жіберілетін болады.

ІІ кезең тапсырмалары дәстүрлі олимпиадалық түрде онлайн-платформада көрсетіліп, шешімдер қағазда жүзеге асырылады.

III (республикалық) кезеңге ІІ кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) қатысады.

Үшінші кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады.
Үшінші республикалық кезеңдегі жүлдегерлер саны әр пән мен сынып бойынша қатысушылардың жалпы санының 45% құрайды және ҚР ОАМ дипломдарымен және «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталады.

I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.

Айта кетсек, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні республикамыздың әр ауылдық мектебінде бір мезетте өтпекші.

Previous Post

ТОКИОҒА 100-ГЕ ЖУЫҚ ПЕДАГОГ БАРАДЫ

Next Post

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: «ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАУ АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі