Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заман ағымына және еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи кәсіптер туралы ақпарат беру, жастарды сол кәсіп түрлеріне баулу, үйрету мақсатында аудандық білім бөлімінің келісімімен биылғы оқу жылында «Мобилография» кәсібі ашылып, қызығушылығы мен қабілетін және оқушылардың бейіні ескеріле отырып алғашқы топ құрылды. Бұрын адамдар фотоаппарат көмегіне жүгінсе, бүгінде телефон арқылы әр сәтті өздері таспалай береді. Бұл салаға деген сұраныс әсіресе, жас буын арасында айтарлықтай жоғары. Бүгінде әлеуметтік желілерді белсенді қолданатын жастар өздерінің профильдерінде жағымды әсер қалдыру мақсатында айрықша фотосуреттерді түсіріп, оны өңдеуді үйренуде. Дегенмен, кәсіби жабдықпен түсіру және монтаждау көп уақытты қажет етеді. Сол себепті, сапалы суретті күнделікті қолымызда жүретін смартфонармен түсіру оңай болмақ. Мобилографтардың кәсіби мамандардан артықшылығы материалды жылдам беруінде. Мықты мобилограф болу үшін ең алдымен сапалы видеоролик жасап шығаруға камерасы жақсы жабдықталған смартфон, күшейтілген жарық пен дыбыс қажет. Ал, ағайы оқушыларға суретті түсіру және оларды монтаждауды үйрету жұмысымен қызу айналысуда. Көздің жауын алатындай кадрларды ұстап, смартфонға түсіру арқылы оған өзгеше реңк беру екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Осы орайда, кәсіп оқушыларының алғашқы жасаған жұмыстарымен әлеуметтік желілерде бөлісуде.
Жан-жақты болу өте маңызды. Креатив бейнеролик түсіру үшін ең алдымен шабыт қажет. Сосын жоспар керек. Ал одан кейін идея, оған қандай актер түседі немесе кімді, нені түсіремін деген сұраққа жауап табу маңызды. Сценарий, қандай өлшемде, қанша минут, қандай кадр, анимация, бәрін жазып алу керек. Видеоны түсіргенде мобилограф продюсер, режиссер, стилист болады. Түсірілімде бүкіл саланы білсең жақсы. Ал жарнамалық ролик түсіретін болсаң, 10 секунд болу керек деген сияқты талаптар да бар. Осы 10 секундта роликте 12-13 кадр болуы тиіс. Мұны динамикалық, көз ілеспес жылдамдықпен түсіреді.
Осыған орай Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мобилография» кәсібінің мұғалімі Сағат Қазбек Әмірханұлы осы кәсіпте оқитын оқушылармен «Автокөлік түсіру және оны креативті монтаждау» тақырыбында тағылымдамалық сабақ өтті.
Тағылымдық сабақта оқушылар автокөлік түсіру кезінде қолданылатын тәсілдірдің қыр-сырын меңеріп, креативті монтаждаудың үлгілерімен танысты.