13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ: ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ӨТТІ

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ: ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірдегі Яссауи университетінде Түркияның Кыршехир Ахи Эвран университетінің профессоры Ахмет Казанкая арнайы келіп, Жаратылыстану факультетінің студенттеріне және Ботаникалық бақ қызметкерлеріне теория пен практиканы ұштастырған дәріс өтті. Бір айлық іс-сапар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын Visiting Professor бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Профессор 1-31 қазан аралығында білімгерлерге өсімдік физиологиясы және ауыл шаруашылық өндірісінің ел экономикасына үлесі, сондай-ақ Биология кафедрасының оқытушы-профессор құрамына әртүрлі тақырыптар бойынша семинарлар өткізіп, теориялық және практикалық дәрістер берді.
Бұған қоса, Ахмет Казанкая университетіміздің Ботаникалық бақ қызметкерлеріне тәжірибесімен бөлісті. Бақта орналасқан өрік, қара өрік, алма, алмұрт, жүзім, айва, сәндік өсімдіктер және бұталарды кесу, көшет отырғызу және бақшаға күтім жасау бойынша жұмыстарды практикалық түрде көрсетіп берді. Жемістерді кептіру нысанында да іс-тәжірибелер өтті.
Ол жылыжайда өсімдіктерді өсірудің артықшылықтары, экзотикалық өсімдіктер, сәндік өсімдіктер және жеміс ағаштарын кесу мен пішіндеудің жаңа әдістері, әлемдегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі Қазақстан мен Түркияның рөлі мен маңызын түсіндірді. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты қатысушылармен өзара ақпарат алмасты.
Айта кетейік, Ахмет Казанкая университетте өткен «Топырақтың жағдайын жақсарту-адамзат денсаулығының кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарда «Әлемдегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі Қазақстан мен Түркияның рөлі мен маңызы» атты баяндамасын қатысушыларға ұсынып, жергілікті телеарналарға Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы сұхбат та берді.
Бір ай көлемінде оқытушы-профессорлар және Ботаникалық бақ мамандарымен іс-тәжірибесімен бөліскен Ахмет Казанкая қонақжайлылық көрсеткен университетімізге алғысын білдірді.

Previous Post

БЕЛГІЛІ ПРОФЕССОР ДЖО ГЮ ЮН MIND-ЛЕКЦИЯ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «ІІІ ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі