13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ІІІ ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ІІІ ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «ІІІ ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ» тақырыбындағы дәстүрлі облыстық жазба жұмыстары байқауы басталды.
Байқау мақсаты: педагогтер арасында ең алғаш қазақ даласына мектеп ашқан, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы – Ыбырай Алтынсариннің тарихи-әдеби еңбектерін насихаттау; педагогтардың шығармашылық қабілетін арттыру, қазақ даласында «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш», «Дала қоңырауы», «Педагогиканың таза бұлағы» атанған ұлт ұстазының еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту, қазіргі өмір ағымының, техниканың қарқынды дамыған тұсында, сауатты тұлғаны қалыптастырушы педагогтардың мемлекеттік тілде оқу, жазу сауаттылығын арттыру.
Байқауға білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, өзбек, тәжік тілдері мен әдебиеті, ағылшын тілі және жалпы пәндер (тарих, география, химия, биология, математика, физика, көркем еңбек) мұғалімдері қатысуда.
Сондай-ақ, 5 секция бойынша жұмыс жүргізілуде.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жұмыстар Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының Бас жүлде-біреу, І (біреу), ІІ (екеу), ІІІ (үшеу) дәрежелі дипломдарымен, «Алғыр ұстаз», «Ізденімпаз ұстаз» «Үздік тілмаш» номинацияларымен марапатталатын болады.
Еске салсақ, осыған дейін Шардара аудынына қарасты А.Иманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудан мұғалімдері арасында ІІІ ЫБЫРАЙ жазулары байқауы өткен еді. Ең алғаш қазақ даласына мектеп ашқан, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы Ыбырай Алтынсаринның тарихи-әдеби еңбектерін насихаттау, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, мемлекеттік тілде оқу, жазу сауаттылығын арттыру бойынша өткізілген байқау 3 номинацияны қамтыған.
Ыбырай Алтынсарин: «Қазақтың тілі соншалықты мол. Қазақтың тілімен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әрі анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл ілгері бастырып сөйлесе», — деп соңынан еріп келе жатқан ұстаздарға үлкен үміт артты. ХХІ ғасырдың ұстаздары ана тілімізге бөтен тіл араластырмай, ілгері бастырып дамытушы екенімізді әр кез естен шығармай, Ыбырай жазуларын жаңғырта түсетін тұлға болуымыз керек.

Previous Post

ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ: ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ӨТТІ

Next Post

Сарбаздардың алғашқы оқ ату жаттығуына сарбаздар аналары комитетінің өкілі қатысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі