13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Сарып ауруынан сақтаныңыз!

10 октября, 2023
in Денсаулық
0
Сарып ауруынан сақтаныңыз!
Share on FacebookShare on Twitter

Сарып – малдан адамға жұғатын жұқпалы ауру, көп жағдайда созылмалы түрде кездесіп, бірнеше уақыттан соң аурудың қайта қозу немесе қайталану жағдайлары жиі кездеседі.
Сарып ауруы адамдардың сарып ауруымен сырқаттануы көктем, жаз айларында күрт өседі. Бұл малдың төлдейтін кезеңіне байланысты.

Ауыл шаруашылығы малдарымен бірге үй жануарлары да сарып ауруын таратады.
Ауру малды төлдету кезінде, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу, сондай-ақ ет, сүт өнімдерін дайындау кезінде жұғады. Ол адамға қайнамаған сүт, қай¬мақ арқылы да жұға алады. Мал қораларын тазалау кезінде ауадағы шаң-тозаң арқылы да жұғады. Осы жұғу жолдарының ішіндегі ең қауіптісі – мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суы арқылы жұғуы.
Сарып ауруының қоздырғышы бруцелла микробы болып табылады, ауру қоздырғышы жарақатталмаған тері арқылы да адам ағзасына енуге бейім, аса жоғары жұқтырғыш қасиетімен ерекшелінеді.
Сарып ауруының қоздырғышы сүт құрамында қалыпты температурада 10 – 18 күн, қымыз бен шұбатта – 3, жаңа сойылған етте – 47, тоған-суаттарда 90 күнге дейін сақталады. Ол жүн мен теріде – 1,5 – 4 айға, ағын суда – 6 –12 күнге, топырақ пен қида, тезекте 3 айдан 4,5 айға дейін қуатын жоймайды. Сүтте 55 градусқа дейінгі аралықта 10-15 минуттан кейін, ал қайнатқан кезде бір сәтте жойылады.
Сарыптың алғашқы клиникалық белгілері мынадай: дене қызуының ұзақ уақыт бойы көтерілуі, дененің тершендігі, әлсіздік пайда болады. Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға, жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ауруды жұқтырған науқастардың созылмалы кезеңдерінде белсіздік пен бедеулікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Дер кезінде қаралмаған немесе дәрігерге кеш келген жағдайда сарып асқынып, мүгедектікке әкеліп соқ¬тырады.

Бұл дерттен сақтану жолдары мынадай: Ең алдымен ауру малдың көзін тез арада жою қажет. Малды төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну қажет. Ауладағы малдың арасында түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек. Иелігінде жануарлары бар отбасылар мал дәрігерімен тығыз байланыста болғаны абзал.
Ал егер жоғарыда аталғандай ауру белгілері мазалаған жағдайда оны сезінгеннен бастап дәрігерге жедел түрде көрінген дұрыс.

Н.Нышанов
Түркістан облысы СЭБД басшысы

Tags: 13kz13kz.kz13кзсарыпТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысында бір күнде 80 бала әскерге аттанды

Next Post

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі