13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында бір күнде 80 бала әскерге аттанды

9 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында бір күнде 80 бала әскерге аттанды
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі Кентау қаласының орталық алаңында өтті. Бұл күні облыстан 50 бала Астана қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасына және 30 жігіт мемлекеттік күзет қызметіне аттанды.

Салтанатты іс-шараға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, облыс және Кентау қаласы әкімдіктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарының ардагерлері, «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары кеңесінің өкілі, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жастарға ақжол тілеп, ізгі ниетін жеткізді.
Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дюсебаев әскерге шақырылушыларды өмірлеріндегі өте жауапты және маңызды кезеңмен құттықтап, бұл тәжірибе олар үшін міндетті түрде пайдалы болатынын атап өтті.
— Қызмет барысында жақсы дене шынықтыруға, сондай-ақ жауапкершілікті және тәртіпті болудың үлгісіне айналатын азамат болуға болады, — деді Нұрмаханбет Дюсебаев.
Жөнелту алдында әскерге шақырылушылар медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден, кәсіби іріктеуден өтті.
Жалпы облыстан күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде 2000-нан аса жігіт әскерге жіберіледі. Осыған дейін қыркүйек айында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 300-ге жуық азамат аттанса, қазан айында ҚР ҚК әскери бөлімдеріне шақыру жүріп жатыр.
Аталған шарада жақындары мен туыстары болашақ әскери қызметшілерге сәттілік, амандық тілесе, мәдениет үйінің көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.
Осы күні жас сарбаздарды шығарып салу рәсімінен соң Кентау қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жинақтау пунктінің ашылу рәсімі өтті. Оған Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов және зиялы қауым өкілдері мен әскери қызметшілер қатысты.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

«АСАР-2» ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ЖОЛ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Next Post

Сарып ауруынан сақтаныңыз!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі