13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

11 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы аймақты дамыту өңірлік кеңесінің көшпелі отырысында қалалық филиал атқарушы хатшысы Ж.Бектаева фракция және кеңес мүшелері, сондай-ақ, құрылыс басқармасының басшысы М.Баимбетовпен бірге салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

2023 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан жалпы 98 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Олар, Тұран – 2 шағын ауданында 18 тұрғын үй (1112 пәтер, 83,9 мың ш.м.), Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үй (2198 пәтер, 170,2 мың ш.м.) және Ақжайық шағын ауданында 26 тұрғын үй (780 пәтер, 58,2 мың ш.м.). Ағымдағы жылдың қорытындысымен 36 көпқабатты тұрғын үйді, яғни, 131,7 мың ш.м. құрайтын 1752 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Көшпелі отырыста кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылып, кез келген құрылыста сапаның жоғары деңгейде болуы ескертілді. Құрылыс алаңдарындағы мамандардың кәсіби біліктілігінің жоқтығы, құрылыс сапасына тікелей әсер ететіндігі де айтылды. Осы және өзге де тақырыптар төңірегінде біраз сын-пікір ортаға салынып, шешілу жолдары бойынша ұсыныс-тілектер назарға алынды.

Айта кетейік, зерделеу жұмыстарына кеңес төрағасы Л.Сулайманов, фракция жетекшісі Қ.Имашев, мәслихат депутаттары Т.Балтабаев, Т.Исхақов, А.Наимбекова, Н.Балабиев, кеңес мүшелері және құрылыс басқармасының өкілдері мен мердігер компанияның басшылық құрамы қатысты.

Previous Post

Сарып ауруынан сақтаныңыз!

Next Post

Шымкентте сарбаздар әскери бөлімімен және әріптестерімен қоштасты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі