13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда күзгі шақыру науқаны жалғасуда

23 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы әскерге шақыру барысымен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев танысты.

Ол облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, Кентау қаласының жинақтау пунктінде болып, әскерге шақырылушылардың медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден өту сапасымен танысты.
Сарбаз аналары комитетінің өкілдерімен және Қарулы күштердің ардагерлерімен кездесу өтті. Бүгінде олар әскерге шақырылушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды іріктеу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу жұмыстарына белсенді түрде араласып келеді.
Әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен болған әңгімеде Тілеухан Қалилайұлы елді қорғау — әрбір ер адамның қасиетті парызы және міндеті екенін атап өтті.
– Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен, ал біз, олардың ұрпағы, оны қорғауымыз керек. Қызмет сендерді шынықтырады, әрі болашақтағы мансап үшін де тамаша бастама болады, – деді әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев.
Айта кету керек, күзгі әскерге шақыру науқанының жоспары бойынша Түркістан облысынан 18 бен 27 жас аралығындағы 2 мыңнан астам ер адам мерзімді әскери қызметке шақырылады. Бүгінгі таңда Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне, ҰҚК Шекара қызметіне және Мемлекеттік күзет қызметіне өңірден 700-ге жуық адам жіберілді. Күзгі шақыру науқаны ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанШымкент гарнизоны
Previous Post

Мектеп асханаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Next Post

Қарулы күштердің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі