13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарулы күштердің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

23 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қарулы күштердің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс және Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев пен полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев Ұлы Отан соғысының ардагері 96 жастағы Әбжаппар Дайрабайұлына барды.

Офицерлер майдангерден амандық-саулық сұрасқаннан кейін оны келе жатқан айтулы мереке – Республика күнімен құттықтады.
– Халқымыз қашанда ұрпақты үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетумен тәрбиелеген. Біз олардың осындай өнегесімен өскен ұрпақпыз. Олардың ақыл-кеңестері мен бата-тілектері біз үшін өте құнды. Талай қиындықтарды жеңіп, соғыс сынағынан өткен адамдар – өскелең ұрпаққа үлгі, – деді әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев.
Әбжаппар Дайрабайұлы 1927 жылы 1 қаңтарда Түркістан ауданы Тартоғай ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1932 жылдан бастап Түркістан қаласының балалар үйінде тәрбиеленді. Содан кейін үлкен ағасы Бимаш Дайрабайұлының қамқорлығында болды. Бес жасында ол аштықтан аман қалды. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Әбжаппар Дайрабайұлы небәрі 14 жаста еді.
16 жасынан бастап Беларусь және Украина майдандарында соғысып, Польшаны азат етуге қатысты. «Отан соғысы» орденімен және медальдармен марапатталған.
Елге оралған соң мұғалім болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы болды. Құрметті ақсақал бүгінде үш қыз, екі ұлдан ұрпақ өрбітіп отыр.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанШымкент гарнизоны
Previous Post

Қазақстанда күзгі шақыру науқаны жалғасуда

Next Post

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТЫНЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі