13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 17 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

20 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 17 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев айтты. Сондай-ақ басқарма басшысы Республика күні мерекесінің мән-маңызына тоқталды.

— Республика күні ұлттық мереке ретінде былтыр алғаш рет аталып өтті. Дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданған болатын. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы еді. Ендеше бұл атаулы күнді елеулі етіп өткізу аса маңызды. Осыған орай, Түркістан облысында Республика мерекесі қарсаңында арнайы жоспар бекітіліп, 17 аудан-қалада 70-ке жуық іс-шара өтетін болады. 25 қазан күні облыс орталығы мен барлық аудан-қала орталықтарында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді. Сонымен қатар, «Жанашыр жүрек» акциясы аясында түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырылады. Мереке күні аудан-қалаларда 17 әлеуметтік маңызды нысандар ашылады. Олардың қатарында Жетісай ауданында футбол алаңшасы, Сарыағаш ауданындағы дәрігерлік амбулатория, Шардара ауданындағы мәдениет үйі сынды нысандар бар, — деді Ерлан Бақытжанұлы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев өңірде мереке қарсаңында өтетін мәдени іс-шараларға тоқталды.

— «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай Түркістанда Халықаралық «Voice of Turan-2023» қазақ әндері фестивалі басталды. Сонымен қатар, мереке қарсаңында 21-22 қазан күндері Түркістан музыкалық драма театрында кезекті III маусымның ашылуы өтеді. Маусымашарда Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы бойынша жаңа премьера сахналанады. Ал Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды драма театрында 21 қазан күні Байғали Есеналиевтің «Ана жүрегі» драмасы қойылады. Сонымен қатар, облыстағы барлық музейлерде 20-25 қазан аралығында түрлі тақырыпта іс-шаралар өтеді. Ал 24 қазан күні «Конгресс Холл» кешенінде Республика күніне арналған облыстық мерекелік шара ұйымдастыралады, — деді Әзімхан Серікұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзРеспублика күніШымкент
Previous Post

АЗАМАТТЫҚ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРУ ҚАЖЕТ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі