13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысы прокуратруасының кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтау, балалар арасындағы және оларға қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар қаралды. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев балалар құқығын қорғау бағытындағы жұмыстарды сапалы атқару керектігін айтты.

– Облыстағы мектептерде қауіпсіздікті сақтау бойынша 894 білім ошағына 7 мыңнан астам бейнекамера мен турникет, қоршау, дабыл батырмасы орнатылуда. Ол мақсатта 5,9 млрд. теңге қаралып, жыл соңына дейін «Қауіпсіз мектеп» жобасы толық іске асады. Дегенмен бұл мектеп аумағында ғана. Бұдан тыс, әрбір маман өзіне тиесілі жұмысты атқаруы тиіс. Құр есеппен жиынды жаба салуға болмайды. Бұл бір күн қаралып, реттеле салатын нәрсе емес. Жыл бойы айналысатын шаруа. Сондықтан әркез назарда ұстаңыздар. Бала кіммен тұрады, қандай отбасыда өмір сүреді, әлеуметтік жағдайы қалай? Бәрін анықтап, зерделеу жасап, мәліметтер базасын толықтырып шығыңыздар. Сондай-ақ Түркістан облысында «ARTSPORT» бағдарламасы жүргізіліп жатқанын білесіздер. 30 мың баланы тегін үйірмемен қамтуға қаржы бөлініп отыр. Ол үйірмелерге алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын тартыңыздар. Балаларды осындай тегін ұйымдарға тіркеу жағын қарастырыңыздар, – деген Бейсен Тәжібаев қоғамдағы жасөспірімдерге қатысты келеңсіз жағдайлардың алдын алу жөнінде де ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Комиссия отырысында полицияға, құзырлы органдарға Отырар ауданында тіркелген кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқықбұзушылықты терең талдап, заң аясында қатаң шаралар қабылдау ұсынылды. Аталған мәселе бойынша Полиция департаменті тарапынан жедел тергеу топы құрылып, жұмыстар жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынған.

Жиында Түркістан қаласы мен Жетісай, Төлеби ауданындағы комиссия төрағалары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық, оларға зорлық-зомбылық және өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша баяндама жасалды. Кешкі және сыртқы білім беру ұйымдарында білім алушыларды, өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі жұмыстардың жүзеге асырылуы да назардан тыс қалмады.

Облыс әкімінің орынбасары бұл бағыттағы мәселелердің алдын алу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бала өміріне, біліміне, құқығына жауапты әрбір мекеме өз ісіне мұқият болуы керектігін айтып, балалар құқығы бойынша жалған мәлімет беретін жауапты басшыларға қатаң шара көрілетіндігін ескертті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 17 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі