13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АЗАМАТТЫҚ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРУ ҚАЖЕТ

20 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
АЗАМАТТЫҚ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРУ ҚАЖЕТ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның XI Азаматтық форумы 600-ден астам делегаттың қатысуымен Астана қаласында өтуде. Ауқымды іс-шараға белсенділер, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері ел дамуының және жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің өзекті мәселелерін талқылауда.

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстанның ХІ Азаматтық форумының жұмысына қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды.
«Қазақстанда болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруды талап етеді. Ол әділеттілік пен гуманизмге, өзара сенім мен жауапкершілікке, заң мен тәртіпке, еңбекқорлық пен білімге негізделуі керек. Мемлекет пен үкіметтік емес сектордың тығыз ынтымақтастығы елдің жан – жақты дамуына және Әділетті Қазақстанның құрылуына ықпал ететініне сенімдімін», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Ол үкіметтік емес ұйымдар Президенттің барлық маңызды бастамаларының драйвері болуы және елдегі демократиялық өзгерістердің қайтымсыздығының кепілі болуы тиіс екенін атап өтті.

Мәжіліс Спикері өз сөзінде Презденттің бастамасымен елімізде мемлекеттік билік институттарын жетілдіруге және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған реформалар жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды. Мәжіліс спикерінің айтуынша, Ашық диалог пен барлық заң шығару үдерістерінің ашықтығы бүгінде депутаттар жұмысының басты қағидаты болып табылады. Ол сондай-ақ бүгін Мәжілістегі барлық заң шығару жұмыстары қоғамдық пікірге ерекше назар аударылатынына тоқталып, Азаматтық қоғам белсенділерін Мәжілістің заң шығару жұмысына қатысуға шақырды.

Tags: 13kz13kz.kz13кз«AMANAT» партиясыШымкент
Previous Post

ШЫМКЕНТ : ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 17 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі