13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

13 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін  ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Болат Анапияұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге Түркістан қаласындағы «Конгресс-Холл» мен «Алатау медиа» және «Сапар»  орталықтарын аралап көріп, жұмыстарымен танысты.

Мұнан соң вице-министр Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік универсиетінің кітапханасын аралап көріп, сонда орналасқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысымен де танысып шықты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы.  Аталған бағыт аясында облысымызда биыл 46 іс-шара ұйымдастырылып, оған 6 мыңға жуық адам қатысқан.  Түркістан облысындағы барлық білім беру мекемелерінде жоба туралы жан-жақты түсіндіріліп, сынып, тәрбие және түрлі ашық сабақтар өткізілуде. Сондай-ақ, өңіріміздегі барлық кітапханалар арнайы шығарылған кітаптармен қамтылуда.

Жалпы жыл басынан бері  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында облыста 821 іс-шара өтіп, 100 мыңға жуық адам қамтылған. Іс-шараларың басым бөлігі онлайн форматында, челлендж, байқау, кездесулер түрінде ұйымдастырылуда.  Жыл бойғы атқарылған жұмыстар туралы вице-министрге Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айдар Сейдәзім жан-жақты баяндап берді. Болат Анапияұлы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, кеңсе қызметкерлерімен өзара пікір алмасты.

«Жыл бойы атқарылған жұмыстар аз емес екені байқау қиын емес. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыруда Түркістан облысының маңызы ерекше. Алдағы уақытта бұл бағдарлама негізгі 4 бағытта жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта бұл жобалар қайта қаралуда. Сондықтан Түркістан облыстық жобалық кеңесінің жұмысын одан әрі жүйелеп, күшейтуіміз қажет», – деді  Болат Анапияұлы.

Мұнан соң вице-министр облысымыздағы бірқатар үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп, алда атқарылатын жоба-жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, жобаларды қаржыландыру, жүйелеу бағытында қола алынғалы отырған жобаларды баяндап берді.

 

Tags: 13kz13кз
Previous Post

ПРАЙС ЛИСТ

Next Post

Шпекбаев Асхат Аймағамбетовке алғыс білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі