13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтаныңыз!

6 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтаныңыз!
Share on FacebookShare on Twitter

 

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) –бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың қауіптілігі сол – медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда өлімге әкеліп соғу ықтималдылығы жоғары.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы ол — кенелер.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық белгілері:

науқастың дене қызуының кенеттен 39-40С дейін көтерілуі, басының қатты ауыруы, көздің қызаруы және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуімен басталады. Ауру одан әрі дамыған жағдайда бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен, денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, асқазаннан, жатырдан қан кету белгілері, ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда өлім жағдайына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу шаралары:

Табиғи ошақтар аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру қажет. Ауылшаруашылық малдарды бағып-күту және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасуды болдырмау мақсатында тұрғындар жеке қорғаныс үшін арнайы киім киюлері қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резеңке колғап).Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) қасыңыздағы адамдарға айтып, үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын, кенелерді үркітетін сақтану құралдарын (репелленты) қолдануға кеңес береміз.

Кене шаққан немесе кенемен жанасу болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.

 

Н.Нышанов Түркістан облысының СЭБД басшысы

 

 

Previous Post

Тұмау және ЖРВИ ауруларының алдын алу

Next Post

Кәсіби аурулардың алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі