13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіби аурулардың алдын алу

6 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Кәсіби аурулардың алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

 

Кәсіби аурулар — белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен пайда болатын ауру. Кәсіптік аурулар кәсіпорындардағы санитариялық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл әсерінен, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуынан, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады.

Кәсіптік аурулардың жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді. Жедел кәсіптік ауру-бұл әдетте қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың бір реттік (бір жұмыс күнінен, бір жұмыс ауысымынан аспайтын) әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру.

Созылмалы кәсіптік ауру- қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру.

Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20 мин), техникалық шараларды іске асыру – кәсіби аурулардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін жұмысшыларды уақтылы медициналық тексеруден өтуі қажет. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі ҚР ДСМ-нің «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен айқындалған.

Медициналық қарап-тексеру жүргізу нәтижесімен әрбір жұмысшының денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауыстыру, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау  тағайындалады.

Кәсіптік аурулардың алдын алуда жеке қорғаныш құралдарын пайдалану маңызды орын алады. Жеке қорғаныш құралдарына мыналар жатады: арнайы киім, аяқ киім, көзілдірік, құлаққап, қорғаныс қолғаптары, респираторлар және газ маскалары. Кәсіптік аурулардың алдын алуда қажетті сауықтыру және емдеу шараларын жүргізе отырып, міндетті алдын-ала  және мерзімді медициналық тексерулердің маңызы зор.

А. Ысқақов Түркістан облысының СЭБД басшы орынбасары

 

Previous Post

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтаныңыз!

Next Post

Арыс қаласының тұрғындары әскери бөлімге барды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі