13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

30 августа, 2023
in Спорт
0
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қолданысқа берілген шағын алаңшаның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталған. Жалпы аумағы 0,70 га құрайтын алаңшада футбол, баскетбол ойнауға арналған алаң және заманауи жаттығу элементтері орналасқан.
Спорт алаңшасының ашылу салтанатына аудан әкімі Рақымберді Жанысбекұлы мен қалалық мәслихат депутаты Лазизхан Сулайманов, ардагерлер мен елді мекен жастары қатысты.
«Біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын ашу қажет деген тапсырма берді. Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спортты дамыту мақсатында, материалдық базаны жақсарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Оның дәлелі ретінде бүгінгідей спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі тұр. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалынып жатқан үлкен мүмкіндік»-деді, аудан әкімі Рақымберді Жанысбекұлы.
Сонымен бірге, аудан басшысы жұртшылықты еліміздің Конституциясы мерекесімен құттықтады.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылы Қаратау ауданы аумағында аталған жоба аясында 12 спорт алаңдары салынбақ. Спорттық нысан құрылысы ауданның «Тұран», «Таскен», «Шапырашты», «Нұртас», «Қызылсу», «Қайтпас», «Нұрсәт» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында бой көтеретін болады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзспортШымкент
Previous Post

ДӘМХАНАДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АҚЫСЫН ТАЛАП ЕТСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «ЕЛДІКТІҢ СУРЕТКЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі